thumb|right|250px|Оңтүстік Таравадағы Кирибати парламентінің ғимараты Оңтүстік Тарава () немесе Теинаинано қалалық кеңесі () — микронезиялық Кирибати мемлекетінің ресми астанасы, Тарава атоллында орналасқан. Халық саны — 50 182 адам (2010 жыл)Перепись населения (2010) . Халық тығыздығы — 3184,14 км²/адам. Аумағы — 15,76 км².

Муниципалитеттері thumb|right|250px|Оңтүстік Тараваның муниципалитеттер картасы (қызыл түс) Оңтүстік Тарава елдің әртүрлі мемлекеттік мекемелері және негізгі кәсіпорындары орналасқан төрт қалалық муниципалитеттен тұрады: Бетио (), Баирики (), Бонрики (), Бикенибеу () (олардың барлығы бір аттас аралдарда орналасқан).

Бетиода, елдің басты порты, атоллдың басты электр стансасы, бірнеше үкімет мекемелері, Теңіз институты () және бірнеше сауда мекемелері орналасқан.

Бетио аралынан 3 км қашықтықта ораласқан Баирики аралында елдің басты үкімет мекемелері, соның ішінде президент резиденциясы, парламент, бірқатар министрліктер, Кирибатидің Ұлттық соты, пошта, телебайланыс мекемелерінің орталық кеңселері және қалалық базар орналасқан.

Бонрики муниципалитетінде Оңтүстік Таравадағы 60 орынға шақталған ең ірі қонақ үй, білім министрлігі, мұғалімдерді дайындау орталығы (), ұлттық аурухана орналасқан.

Бонрикиден 5-7 км қашықтықта жатқан Бикенибеу аралында әуежай, Табиғи ресурстар министрлігі орналасқан.

Бонрики және Бетио көптеген бөгеттермен бірлескен.

Дереккөздер

Сілтемелер Фотосуреттер

Санат:Кирибати елді мекендері Санат:Океания астаналары