Джибути (; ) — Джибути мемлекетінің астанасы (1977 жылдан бастап). Джибутидің аймақтарымен қатар дербес әкімшілік бірлік болып табылдаы. Ауданы — 199.4 км², ал халқы — 475 332 адам (2009 жыл).
Тарихы Қаланың негізі 1888 жылы қаланды, 1892 жылдан бастап Сомалидің Француз жағалауы атты колонияның әкімшілік орталығы, 1981 жылдан бастап Джибути — еркін порт.
Географиясы Қала Аден шығанағының жағалаунда орналасқан.
Климаты Джибути қаласының климаты — тропикалық-шөлді. Өте ыстық және Хартум климатына ұқсас. Қысы орташа ыстық, жауын-шашын мөшлері шамалы. Қаладағы жаз ерекше ыстық — қалада тіркелген ең жоғары температура +54 °C құрады. Қаңтардың орташа температурасы +25 °C, шілденің +36 °C. Жауын-шашын мөлшері өте аз — бар болғаны 160 мм және оның барлығы күзгі-қысқы мезгілде ғана түседі.
Экономикасы Порт Үнді мұхитындағы Таджура шығанағының оңтүстік жағалауында орналасқан — Суэц каналынан жүретін жүк транзиті. Негізінде былғары және тері шығарылады, сонымен қатар эфиопиялық кофе, мұнай және мұнай заттары әкелінеді, дайын өнеркәсіп заттары. Көлік торабы. Халықаралық әуежай. Кеме жасайтын орын.
Санат:Джибути қалалары Санат:Джибути аймақтары Санат:Джибутидің әкімшілік бөлінуі