3D модельдеу — үш өлшемді нысан жасау. Яғни кез-келген заттардың үш өлшемдік нұсқа ретінде өңдеу. 3D модельдеу тарихы өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталады, ал қазіргі кезде бұл технология көптеген салаларда маңызды рөл атқаратын негізгі құралға айналды. Ойындар мен анимациядан бастап, автомобиль дизайны, архитектуралық жобалар, ғылыми зерттеулер мен медициналық имитацияларға дейінгі әртүрлі салаларда 3D модельдеу қолданылады.

Қолданылу аясы Біз үш өлшемді нысанды көп нәрсе үшін қолдана аламыз. Мысалы: бұйымдар (жүзік, білезік және т.б.), технология(телефон ұстағыш, телефонға арналған қаб), ғылыми жоба (батарея, робот т.б.), көңіл көтеру (ойыншық және тағы да басқалары).

Жасалуы Арнайы сайттарда, арнайы бағдарламаларда, 3D-принтерде жасалады.

Арнайы сайттар Қазіргі кезде 3D модельдеуге арналған сайттар өте көп. Оның бірі "tinkercad сайты". Ол өте қолжетімді. Онымен жұмыс жасау өте оңай.

Арнайы бағдарламалар 3D модельдеуге арналған бағдарламалардың саны жетерлік. Мысалы: Blender, Sweet Home 3D, Scultris, SketchUp Make, LEGO Digital Designer, nanoCad free, Autodesk, Autocad. Олар үш өлшемді нұсқау жасау үшін арналған.

3D принтер Қазіргі таңда 3D принтер түрлері көп. 3D принтер- суретті үш өлшемді етіп шығаратын құрылғы. Ол сандық үш өлшемді модельді пайдалана отыра қабаттап шығарады. Суретті жасап шығаруға пластиктің бірнеше түрі негіз болады. Алайда бүгінде өндірушілер бейненің әлдеқайда шынайы болуына жаңа компоненттер қосып жатыр.

Дереккөздер

Санат:Ғылымтану