Шамсутдин Хасмутдинұлы Рафиков (12.09.1904 – 21.08.1972) – екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, инженер–сапер.

Өмірбаяны 1904 жылы Орынбор губерниясы Соло-Илецк ауданындағы Григорьевка селосында туған. Отбасы кейіннен Шалқар қаласына көшіп келген. 1941 жылдың қарашасында әскер қатарына шақырылып Оңтүстік–Батыс, Сталинград, Далалық, Оңтүстік және 4-ші Украин майдандарында ұрыстарға қатысты. Үш рет жараланған.

Марапаты Сержант Шамсутдин Рафиков 1944–1945 жылдары үшінші, екінші дәрежелері және 1945 жылдың 27 маусымында бірінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталды.http://batyrlar.blogspot.com/p/blog-page_22.html

Дереккөздер

Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:Ұлы Отан соғысы саперлері