Трэвис Корделл Каланик (, дүниеге келген 6 тамыз 1976) — американдық кәсіпкер, RedSwoosh пирингтік файлалмасу компанияның және Uber желілік көлік компаниясының құрылтайшысы.
2014 жылы Forbes тізімінде 400 ең бай америкалықтардың қатарына енгізілген, онда 6 миллиард долларды құраған капиталмен 290-ші орынға табан тіредіForbes Announces Its 33rd Annual Forbes 400 Ranking Of The Richest Americans; 29 September 2014, Forbes.com, accessed 12 November 2014.
Жастық шағы және білім Каланик дүниеге 1976 жылы 6 тамызда Лос-Анджелесте келген. Ол анасы Бонни, ұлты еврей (қыз кезіндегі тегі Горвиц), Los Angeles Daily News жарнама бөлімінде, ал оның әкесі Дональд Э. Каланик Лос-Анджелесте инженер-құрылысшы болып жұмыс істедіGuardian: «Travis Kalanick: Uber-capitalist who wants to have the world in the back of his cabs» by Andrew Anthony 20 December 2014Independent Press-Telegram: «BETROTHALS TOLD» Long Beach, California · Page 118 · January 16, 1966 | Two engaged couples reveal wedding plans Veth-Kalanick . және түп тамырлары чех және австриялық католик отбасынан шыққан. Трэвистің әкесінің басқа әйелінен екі апасы және Кори атты ағасы бар, ол өрт сөндіруші. Нортриджде, Калифорнияда өмір сүрген, онда Гранада-Хиллс мектебін бітірген және Калифорния университетіне, компьютерлік техника мамандығына колледжіне түскенInc Magazine: «Resistance Is Futile» BY Christine Lagorio-Chafkin July 2013. Университетте оқу кезінде студенттік Theta Xi бауырластығына кірген.
Мансап
Scour 1998 жылы Трэвис Каланик және оның екі курстасы, Майкл Тодд және Винс Бьюсам, Дэна Родригестің, файлайырбастағыш Scour жобасын әзірлеуге қосылу үшін университетті тастап кеттіWall Street Journal: «Travis Kalanick: The Transportation Trustbuster» by Andy Kessler January 25, 2013. 2000 жылы Американдық кинокомпаниялар ассоциациясы, Американдық дыбыс жазу компаниялары ассоциациясы (RIAA) және Ұлттық музыка баспагерлері қауымдастығы (NMPA) Scour иелерін жобаның авторлық құқықты бұғаны үшін қарсы талап арыз берді. Сол жылдың қыркүйек айында Scour иелері банкроттық туралы жариялады.
Red Swoosh 2001 жылы бұрынғы Scour әзірлеушілер командасы бірге , Каланик Red Swoosh (Қызыл белгі) атты жаңа компаниясын бастады. Бұл қайта пирингтік файлалмасу желісі. Red Swoosh озық технологиялары қолданылды, олардың көмегімен желінің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік туды, пайдаланушыларға үлкен медиа-файлдармен қоса алғанда, музыкалық файлдар мен бейнеклиптерді алмасуға және саудалауға мүмкіндік берді. 2007 жылы Akamai Technologies Red Swoosh компаниясын 19 миллион долларға сатып алды.
Uber 2009 жылы Трэвис Каланик және Гаррет Кэмп, Uber, мобильдік қосымшасын құрды, бұл жолаушылар мен жалдамалы жүргізушілерді тасымалдау қызметтерді алу үшін байланыстыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Uber 58 елде және 300-ден астам бүкіл әлем бойынша қалаларда жұмыс істейді. Uber-ды дамыту Солтүстік Американың кейбір қалаларында, атап айтқанда, Вашингтонда, Чикаго, Торонто және Нью-ЙорктеD.C. official retreats on fare measure aimed at San Francisco limo firm — San Francisco Business Times қарсылыққа тап болды. Компания нарықта осындай қызметтерді көрсетушілермен, сондай-ақ өз клондарымен, Лондон сияқты қалаларда қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істейді. 2014 жылдың қараша айында Каланик компанияны басқаруда "кез-келген бағамен ұтып көр" тактикасын жүргізгені үшін сынға ұшырады.
2017 жылғы 21 маусымда Каланик Uber басшылығынан кетті, бірақ директорлар кеңесіндегі орнын сақтап қалды.
Басқа Трэвис Каланик, TechCrunch Disrupt, Tech Cocktail, DLD және LeWeb қоса алғанда, конференциялар мен іскерлік іс-шараларда жиі сөйлейді.
2016 жылдың желтоқсан айында 16 неғұрлым табысты және беделді американдық кәсіпкерлердің тобына — стратегия мен саясат бойынша Президенттік форумның құрамына кірді, олардың міндеті — экономикалық өсуіне, жаңа жұмыс орындарын құру және еңбек өнімділігін арттырумен байланысты мәселелер бойынша 45-ші АҚШ президенті Дональд Трампқа кеңес берді. Алайда, 2017 жылғы ақпан айының басында жаңа әкімшілік басшысының иммиграциялық саясатына қарсы компанияның белсенділері мен қызметкерлері тарапынан қысымның фонында, өзінің кеңестен кету туралы шешімін жариялады.
Жеке өмірі 2015 жылға арналған Деректері бойынша Каланик Габи Хольцвартпен кездеседі, онымен Шервин Пишевар ұйымдастырқан кеште танысқан. Хольцварт — скрипкашы деп жазады Huffington Post. Пишевар оны Trader Joe's сауда орталығында скрипкада ойнап тұрған кезде жолықтырған.
Дереккөздер
Сілтемелер AngelList Crunchbase
Қарсылық пайдасыз, Кристин Лагорио-Чафкин Санат:АҚШ миллиардерлері Санат:6 тамызда туғандар