Арасан – Жетісу облысы Кербұлақ және Ескелді аудандарының шекарасында орналасқан тау. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр.

Жер бедері Ең биік жері 3800 м-ге жуық. Ал 3500 м-ден жоғарыдағы тау жоталарында жер бедерінің альпілік пішіндері кең дамыған. Мұнда тауаралық кең жазықтар бар. Мұздықтардың көпшілігі дерлік таудың солтүстік беткейінде орналасқан.

Геологиялық құрылымы Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған.Қазақ энциклопедиясы I том

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Капал-Арасан шипажайы

Санат:Ескелді ауданы таулары Санат:Кербұлақ ауданы таулары