Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов (1964 жылдың 3 маусымда Форт-Шевченко қаласында туған) — мемлекет қайраткері, Маңғыстау облысының әкімі (2019-2021), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2021 жылғы 10 қыркүйектен бастап). Құрмет орденінің иегері (2016).
Білімі 1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады.
Еңбек жолы 1981 - 1990 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде әр түрлі қызметтерде болған; 1990-1994 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы; 1994-1995 жж. – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы; 1995-2004 жж. – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры; 2004-2006 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі; 2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары; 2008-2012 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі; 2012-2015 жж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі; 2015 жылдың 10 шілдесінен бастап – Ақтау қаласының әкімі. 22.11.2017 - 12.06.2019 ж.ж. Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы. 13.06.2019 - 07.09.2021 ж.ж. Маңғыстау облысының әкімі. 2021 жылы 10 құрқүйегінде ҚР Президентінің жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалдыҚазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты. senate.parlam.kz
Марапаттары Ерен еңбегі үшін медалі 2006 ҚР Парламентіне 10 жыл медалі 2011 ҚР Тәуелсіздігне 20 жыл медалі 2016 ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет ордені.
Сілтемелер Тұрымовтың өмірбаяны Ақтау қаласының ресми сайтында Дереккөздер
Санат:Форт-Шевченкода туғандар Санат:Жаңаөзен әкімдері Санат:Ақтау әкімдері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Маңғыстау облысының әкімдері