Шиқұдық — Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Саралжын ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ойыл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 345 адам (188 ер адам және 157 әйел адам) болса, 2009 жылы 260 адамды (128 ер адам және 132 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 176 адамды (90 ер адам және 86 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Ойыл ауданы елді мекендері