Қаракемер (1998 ж. дейін — Брусиловка)Қобда ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының аттарын өзгерту туралы — Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Қызылжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қобда ауылынан солтүстік-батысқа қарай 86 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 530 адам (254 ер адам және 276 әйел адам) болса, 2009 жылы 245 адамды (118 ер адам және 127 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 159 адамды (88 ер адам және 71 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Қобда ауданы елді мекендері