Сербия және Черногория Ұлттық футбол құрама командасы () — 2003-2006 жылдары бұрынғы Югославияның орнына футбол жарыстарында сынға түскен құрама. 2006 жылы Сербия және Черногория боп екіге бөлініп кетті. 2004 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуін Югославия деген атпен бастады да, Сербия және Черногория боп аяқтады.
2006 жылғы әлем чемпионатына қатысты.
ӘЧ-2006 2006 жылғы Германияда өткен әлем чемпионатында Кот-д'Ивуар, Нидерланд, Аргентина құрамаларымен үшінші топқа түсті. Бірінші турда Арьен Роббеннің жалғыз голы Нидерланд құрамасына жеңіс әперді. Келесі ойында Аргентина құрамасынан 0:6 есебімен ойсырай ұтылуға мәжбүр болды. Соңғы турдағы африкалықтармен ойын қызығырақ өтті. 20-минутта екі доп соққан Сербия және Черногория құрамасы кейін үш доп жіберіп алды. Айта кету керек, африкалықтар үш доптың екеуін пенальтиден соққан еді.
2006 жылы 28 шілдеде Сербия және Черногория түпкілікті бөлініп кетті.
Формалары
Тағы қараңыз Югославия Ұлттық футбол құрамасы Черногория Ұлттық футбол құрамасы Сербия Ұлттық футбол құрамасы Сілтемелер Құрама тарихы
Санат:Сербия және Черногория Ұлттық футбол құрамасы