1982 жылғы футболдан 12-ші әлем чемпионатының шешуші матчы. 1982 жылы 11 шілдеде Мадридтегі Сантьяго Бернабеу стадионында өтті. Италия құрамасы ГФР футболшыларын 3:1 есебімен ұтып, үшінші рет әлем чемпионы атандыhttp://world-cups.ru/worldcup_1982_ft.php .
1934 және 1938 жылғы жеңістерден кейін Италия чемпиондық жөнінен чемпиондар Бразилияны қуып жетті. Италиялық Паоло Росси турнирдің үздік бомбардирі ретінде (6 гол) «Алтын бутсыны», ал турнирдің ең үздік ойыншысы ретінде «Алтын допты» жеңіп алды (бірінші рет марапатталды). Италияның 40 жастағы қақпашысы және капитаны Дино Зофф әлем чемпионатын жеңіп алған ең қарт ойыншы болды.
Матч
Шолу Италия футболшылары бұдан да ірі жеңіске жетулері мүмкін еді, бірінші таймда Антонио Кабрини пенальтиді соға алмады. 57-минутта жылдам өрістеткен шабуылда Клаудио Джентиленің асырған добын Паоло Росси жақын жерден баспен ұрып торға түсірді.
69-минутта италиялықтар тағы бір қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Немістердің айып алаңында бірнеше рет пас алмасқан соң, доп Марко Тарделлиге келді де, сол аяғымен қақпаны дәл көздеді — 2:0.
Үшінші голды да қарсы шабуылдан соқты, Бруно Конти допты 50 метрге дейін жалғыз қақпақылдап барды да, немістердің айып алаңына жақындай бере Альтобеллиге ұзатты. Альтобеллидің алдында қақпашыдан өзге ешкім жоқ еді — 3:0
83-минутта немістер бір гол соқты. Осыдан соң есеп өзгермеді.
Детальдар
ққ 1 Дино Дзофф (к) қр 7 Гаэтано Ширеа қр 6 Клаудио Джентиле қр 5 Фульвио Колловати қр 3 Джузеппе Бергоми жқ 4 Антонио Кабрини жқ 13 Габриэле Ориали жқ 16 Бруно Конти жқ 14 Марко Тарделли щ 19 Франческо Грациани ш 20 Паоло РоссиАлаңға шыққандар: ш 18 Алессандро Альтобелли жқ 15 Франко Каузио Бапкер: Энцо Беарзот300px ққ 1 Харальд Шумахер қр 15 Ули Штилике қр 20 Манфред Кальц қр 4 Карл-Хайнц Ферстер қр 5 Бернд Ферстер жқ 6 Вольфганг Дреммлер жқ 3 Пауль Брайтнер жқ 11 Карл-Хайнц Румменигге (к) жқ 2 Ханс-Петер Бригель ш 7 Пьер Литтбарски ш 8 Клаус ФишерАлаңға шыққандар: ш 9 Хорст Хрубеш жқ 10 Ханси Мюллер Бапкер: Юпп Дерваль
Дереккөздер
Cілтемелер 1982 FIFA World Cup Final planetworldcup.com 1982 FIFA World Cup Final shubhayan.com Full 1982 FIFA World Cup Final on Youtube
Санат:Футболдан 1982 жылғы әлем біріншілігі Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:1982 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары