2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионатының шешуші матчы. 11 шілдеде Йоханнесбургтегі "Соккер Сити" стадионында өтті. Испания құрамасы 1:0 есебімен Нидерланд құрамасын жеңіп, бірінші рет әлем чемпионы атандыhttp://www.fifa.com/mm/document/tournament/competition/01/27/28/16/64_0711_ned-esp_fulltime.pdf . Тарихта тұңғыш рет еуропалық құрама Еуропадан тыс жерде өткен әлем чемпионатында топ жарды.

Матч Шолу

Матч өте дөрекі өтті. Төреші 13 ескерту жасады. Нидерланд футболшысы Джон Хейтинга екінші сары қағазды алып, алаңнан қуылды. Бұл ойын тарихтағы ең дөрекі финалдық матч боп жылнамаға тіркелді.

Нидерланд шабуылшысы Арьен Роббен екі рет гол соғатын мүмкіндікті пайдалана алмады. Екеуінде де испандық қақпашы Икер Касильяс шеберлік танытып, қақпаны аман алып қалды.

Жеңіс добын 116 минутта Андрес Иньеста соқты. Қалған уақытта 10 он адам боп қалған Нидерланд футболшылары есепті теңестіре алмады. Испания тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.

Нидерланд өз тарихында үшінші рет финалда жеңілді. Бұл жағынан Германия алда, олар финалда төрт рет сүрінген (1966, 1982, 1986, 2002)

Протокол

Нидерланд: ққ 1 Мартен Стекеленбургқр 2 Грегори ван дер Вил қр 3 Джон Хейтинга қр 4 Йорис Матейсен қр 5 Джованни ван Бронкхорст (к) жқ 6 Марк ван Боммел жқ 8 Найджел де Йонг жқ 11Арьен Роббен жқ 10Уэсли Снейдерш 7 Дирк Кейт ш 9 Робин ван Перси Алмасулар:жқ 17 Элджеро Элиа жқ 23 Рафаэл ван дер Варт қр 15 Эдсон Брафхейд Бапкер: Берт ван МарвейкИспания: ққ 1 Икер Касильяс (к)қр 15Серхио Рамос қр 3 Жерар Пикеқр 5 Карлес Пуйоль қр 11Жоан Капдевила жқ 16Серхио Бускетсжқ 14Хаби Алонсо жқ 8 Хави жқ 6 Андрес Иньеста жқ 18Педро Родригес ш 7 Давид Вилья Алмасулар:жқ 22Хесус Навас жқ 10Сеск Фабрегас ш 9 Фернандо Торрес Бапкер: Висенте дель Боске

Статистикасы

Дереккөздер

Сілтемелер http://www.fifa.com/mm/document/tournament/competition/01/27/25/92/64_0711_ned-esp_tacticalstartlist.pdf

Санат:Футболдан 2010 жылғы әлем біріншілігі Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:2010 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары