Жұмагүл Солтиева 1948 жылы 27 желтоқсанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылында дүниеге келген.

1972 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Заман-Қазақстан» газеттері мен «Балдырған» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақстан әйелдері» журналында бас редактордың орынбасары, бас редактор қызметтерін атқарған. Қазір «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактордың орынбасары.

Тырнақалды туындысы «Жібек жолы» атты жас прозаиктердің әңгімелер жинағына енген. «Тастүлек» («Жазушы», 1987), «Сыпайылық сыры» («Қайнар», 1997), «Жалғыз бала» («Жалын», 1999) кітаптарының авторы. 1991 жылғы «Қазақ әдебиеті» газетінің, Қазақстан Журналистер одағының О.Бөкей атындағы сыйлықтарының иегері.

Дереккөздер

http://adebiportal.kz/kz/authors/view/1989

Санат:27 желтоқсанда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Жас Алаш қызметкерлері Санат:Егемен Қазақстан қызметкерлері Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан әйелдері журналы бас редакторлары Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерлері