«Шахтёр» () — Украинаның футбол клубы. Донецк қаласынан. Негізгі стадионы 2009 жылы бой көтерген "Донбасс-Арена". Бірақ соңғы кездегі саяси хал-ахуалдың тиімсіздігіне орай, соңғы жылдары өз алаңындағы ойындарды Запорожьедегі "Металлист" стадионында өткізіп жүр.
Тарихы 1936 жылы "Стахановшылардың" ұйымдастыруымен құрылды. Соғыс басталғанша Украина чемпионатында ойнады да, соғыс кезінде көптеген футболшылары майданда айқасуға тура келді. Соғы біткенде тек үш "стахановшы" ғана — Бикезин, Кузнецов, Юрченко тірі қалды. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң КСРО чемпионатына қатыса бастады. 1951 жылы қола жүлде алған соң, 10 жылға дейін ештеңе ұта алмады. Тек 1961 жылы КСРО кубогінде сәтті өнер көрсетіп, финалда Мәскеудің "Торпедосын" 3:1 есебімен ұтып, аталмыш кубокты қанжығаға байлады.
Одақтың кезінде ең сәтті ойнаған маусымдары 1975, 1979 жылдар. Осы маусымдарда кеншілер КСРО чемпионатын екінші орынмен аяқтады.
Одақ тараған соң ұзақ жылдар бойы Киевтің "Динамосымен" бәсекелес болды. Екі клуб кезек-кезек ел чемпионатын ұтып, басқа командалар бұлардың көлеңкесінде қалумен болды. "Шахтердің" ең керемет ойнаған маусымы 2008/09 жыл. УЕФА кубогының ең соңғы финалында Германияның "Вердерін" 2:1 есебімен ұтып, Еуропадағы маңыздылығы жөнінен екінші орын алатын турнирде топ жарды. Осы маусымнан соң УЕФА Кубогы "УЕФА Еуропа Лигасы" боп өзгерді. 1990 жылдан бергі тарихта Еурокубоктерде топ жарған Украинадағы бірінші клуб.
2014 жылғы Украинадағы тиышсыздықтарға байланысты базасы Львовқа көшірілді, 2017 жылдан бері Харьковтегі "Металлист Аренада" ойнайды.
Жетістіктері Украина чемпионы (16): 2002, 2005, 2006, 2008, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2017, 2018, 2019, 2020, 2023, 2024, 2026 Украина кубогы (15): 1995, 1997, 2001, 2002, 2004, 2008, 2011, 2012, 2013, 2016, 2017, 2018, 2019, 2024, 2025 Украина суперкубогы (9): 2005, 2008, 2010, 2012, 2013, 2014, 2015, 2017, 2021 УЕФА кубогы (1): 2009 КСРО кубогы (4): 1961, 1962, 1980, 1983 КСРО Суперкубогы (1): 1984
УЕФА Кубогы—2009 (финал)
Сілтемелер Клубтың ресми сайты
Санат:1936 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Шахтер Донецк ФК Санат:Украина футбол клубтары