УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2016 — 2015/16 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының шешуші ойыны. 2016 жылы 28 мамырда Миландағы "Сан-Сиро" стадионында өтіп, Испанияның ғана емес, Мадридтің қос клубы — "Реал" және "Атлетико" кездесті. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальтилер сериясында "Реал" 5:3 есебімен жеңіске жетіп, 11-ші рет осы турнирдің жеңімпазы атанды. Матч Фактілер Тарихта екінші рет бір қаланың командалары өзара финалда ойнады. "Джузеппе Меацца" стадионы 2001 жылы да осы турнирдің финалын қабылдаған. Ол жолы Германияның "Бавария" және Испанияның "Валенсия" клубтары кездесіп, дәл осылай негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальтилер тебісу арқылы жеңімпаз анықталған. Айта кетейік, ол жолы "Бавария" чемпион атанған-ды. Тағы бір ұқсастық: ол жолы да матч барысында бір пенальти соғылмаған еді (Мехмет Шолль қателескен болатын), бұл жолы да "Атлетико" шабуылшысы Антуан Гризманн 47 минутта пенальтиді соға алмады. "Атлетико" 4 маусым қатарынан осы турнирде "Реалдан" өте алмады (2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17). Соның екеуінде (2013/14, 2015/16) бұлар финалда жолықты. "Реалда" бапкер қызметін уақытша атқарып жүрген Зинедин Зидан ойыншы ретінде де, бапкер ретінде де Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке қол жетккізгендер саны алтау еді: Мигель Муньос, Джованни Трапаттони, Карло Анчелотти, Йохан Кройф, Франк Райкаард, Хосеп Гвардиола.

Протокол

GK 1 Кейлор Навас RB 15 Даниэль Карвахаль CB 4 Серхио Рамос (к) CB 3 Пепе LB 12 Марсело ВиейраDM 14 Каземиро RM 19 Лука МодричLM 8 Тони Кроос RF 11 Гарет БейлCF 9 Кәрім Бензема LF 7 Криштиану РоналдуҚослқы құрам:GK 13 Кико КасильяDF 6 НачоDF 23 Данило MF 10 Хамес РодригесMF 18 Лукас Васкес MF 22 Иско FW 20 Хесе РодригесБапкер: Зинедин Зидан GK 13 Ян ОблакRB 20 ХуанфранCB 15 Стефан СавичCB 2 Диего ГодинLB 3 Филипе Луис Касмирски RM 17 Сауль НьигесCM 14 Габи (к) CM 12 Аугусто Фернандес LM 6 Коке SS 7 Антуан ГризманнCF 9 Фернандо Торрес Қосалқы құрамы:GK 1 Мигель Анхель МойяDF 19 Лукас Эрнандес DF 24 Хосе ХименесMF 5 Тьягу МендишMF 21 Янник Карраско MF 22 Томас Партей FW 16 Анхель КорреаБапкер: Диего Симеоне Дереккөздер

Сілтемелер 2015–16 UEFA Champions League 2016 final: Milan

Санат:УЕФА Чемпиондар Лигасы 2015/16 Санат:Реал Мадрид ФК ойындары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойындары Санат:2016 жылғы футбол Санат:УЕФА Чемпиондар лигасының финалдары