УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2010 — УЕФА Чемпиондар Лигасының 2009/10 жылғы маусымының шешуші матчы. 2010 жылы 22 мамырда Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу"" стадионында өтті. Италияның "Интер" командасы Германияның "Бавария" командасын 2:0 есебімен ұтып, араға 45 жыл салып турнирде топ жарды. Бұл миландықтардың Чемпиондар Лигасындағы үшінші жеңісі.
Матч
Бұл ойында "Сантьяго Бернабеу" стадионының қожайыны "Реал" сапында бұрын ойнаған бес футболшы алаңға шықты — "Бавариядан" Арьен Роббен, "Интерден" Уэсли Снейдер, Эстебан Камбьяссо, Вальтер Самуэль және Самюэль Это’о. "Реалға" қатысы бар тағы бір жәйт — "Интердің бапкері Жозе Моуриньо дәл осы ойыннан кейін "Реалдың" бас бапкері атанды.
Матч тең дәрежеде өтті. Бірақ италиялық клубтың шабуылшысы аргентиналық Диего Милито екі рет өз мүмкіндігін толық пайдаланып, дубль жасады. 35 минутта Уэсли Снейдердің добын айып алаңына кіре берісте қақпаға дәл бағыттады. 70 минутта шеберлігінің арқасында, Даниэль ван Бюйтенді екі рет алдап өтті де, таяу жерден допты торға түсірді. Сол себепті де Милито матчтың үздік ойыншысы атанды.
Бұл маусымда "Интер" хет-трик жасады. Италия чемпионаты мен кубогын, Чемпиондар Лигасын ұтып алды.
Протокол
GK 22 Ханс-Йорг БуттRB 21 Филипп ЛамCB 5 Даниэль ван БюйтенCB 6 Мартин ДемикелисLB 28 Хольгер БадштуберCM 17 Марк ван Боммел (к) CM 31 Бастиан ШвайнштайгерRW 10 Арьен РоббенAM 25 Томас МюллерLW 8 Хамит Алтынтоп CF 11 Ивица Олич Алаңға шыққандар:FW 18 Мирослав Клозе FW 33 Марио Гомес Бапкер: Луи ван Гаал GK 12 Жулио СезарRB 13 МайконCB 6 ЛусиоCB 25 Вальтер СамуэльLB 26 Крстиан Киву CM 4 Хавьер Дзанетти (к)CM 19 Эстебан КамбьяссоAM 10 Уэсли СнейдерRF 9 Самюэль Это’оCF 22 Диего Милито LF 27 Горан Пандев Алаңға шыққандар:DF 23 Марко Матеррацци MF 5 Деян Станкович MF 11 Салли Мунтари Бапкер: Жозе Моуриньо Матчтың есеп-қисабы БаварияИнтерГолдар 0 2Соққылар 21 11Дәл бағытталған соққылар 6 7Доп иелену пайызы 68% 32%Айып доптары 6 2Тәртіп бұзу 16 13Ойыннан тыс қалу 0 0Ескертулер 2 1Алаңнан қуылу 0 0 Дереккөздер
Сілтемелер Бейнешолу
Санат:УЕФА Чемпиондар Лигасы 2009/10 Санат:2010 жылғы футбол Санат:Бавария Мюнхен ФК ойындары Санат:Интернационале ФК ойындары Санат:УЕФА Чемпиондар лигасының финалдары