«Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» () – режиссер Мартин Макдонахтың британдық-американдық драмалық фильмі. АҚШ-та фильм 2017 жылы 10 қарашада, ал Ұлыбританияда 2018 жылы 12 қаңтарда экрандарға шықты. Ресейде фильм 2018 жылы 1 ақпанда көрсетілді.
Сюжеті Жалғызбасты ана Милдред Хейздің қызың осыдан жеті ай бұрын зорлап, өлтіріп кеткен. Алайда кінәліңі іздеуге полиция қызметкерлерінің ниеттері жоқ деп, ол туған қаласының полициясымен тайталасқа түседі. Сол себепті ол қалаға кірер жолда тұрған үш жарнама билбордың жалға алып, Анжеланың өлімі мен шериф Билл Уиллобидің әрекетсіздігі жайлы үш плакатты іледі. Уиллоби бұл істе шарасыз болғандықтан, қала тұрғындары Милдредке шүбә көзбен қарай бастады.
Рөлдерде АктерРөліЭбби КорнишЭнн УиллоубиФрэнсис МакдормандМилдред ХейзСэм Рокуэллофицер Джейсон ДиксонПитер ДинклэйджДжеймсЛукас ХеджесРобби ХейзКэтрин НьютонАнджела ХейзКалеб Лэндри Джонсжарнамашы РэдЖелько Иванеккезекші сержант Седрик КонноллиДжон ХоуксЧарлиВуди Харрельсоншериф Билл Уиллоуби
Жүлделер 2017 жылы қыркүйекте Мартин Макдонах үздік сценарий үшін Венециандық кинофестивальде жүлде алды. 2018 жылы 7 қаңтарда фильм 4 «Алтын Глобус» жүлдесін ұтып алды: үздік фильм – драма, драмалық фильмдегі үздік актриса (Фрэнсис Макдорманд), екінші кезектегі үздік актер (Сэм Рокуэлл), үздік сценарий (Мартин Макдонах). 2018 жылы 4 наурызда фильм 2 «Оскар» жүлдесін ұтып алды: үздік әйел рөлі (Фрэнсис Макдорманд) және екінщші кезектегі үздік ер рөлі (Сэм Рокуэлл).
Сілтемелер Ресми сайт (ағыл) Three Billboards Outside Ebbing, Missouri Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд»
Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:Ұлыбритания драма-фильмдері