Еркебұлан Қайратұлы Сейдахмет (4 ақпан 2000 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/468873) — қазақстандық футболшы, Қазақстан құрамасының және «Ақтөбе» футбол клубының шабуылшысы.
Карьерасы Клубтық
"Тараз" футбол клубының түлегі. 2017 жылы "Тараз" клубы сапында 15 матч өткізді. 2018 жылы қаңтарда "Уфа" клубына ауысып, 10 наурыз күні "Анжимен" ойында жаңа клубының сапында тұңғыш рет алаңға шықты.
2019 жылы қыста Болгарияның "Левски" клубына жалға берілді. Маусым соңында Болгария чемпионатының қола жүлдегері атанды.
2019 жылы 25 маусымда "Қайратқа" ауысты.
Ұлттық құрама Қазақстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.
2018 жылы 23-наурызда Қазақстан - Мажарстан матчында тұңғыш рет ұлттық құрама жейдесін киіп алаңға шықты да, дебютін голмен атап өтті. Матчтың 10-минутында құраманың екінші голын соқты. Бұл ойында қазақстандықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Құрамадағы екінші голын 2018 жылы 16-қазан күні УЕФА Ұлттар Лигасында Андорраның қақпасына соқты (4:0).
2018 жылдан бері құрамаға шақырылған жоқ.
Басқа да фактілер Ұлттық құрамадағы дебютін голмен атап өткен санаулы ғана футболшының бірі. Құрама сапында гол соққан ең жас футболшы. Ресей чемпионатындағы 2000 жылдан кейін туған тұңғыш футболшы Жетістіктері Болгария чемпионатының қола жүлдегері: 2018/19 Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2019
Cтатистикасы
Клубтық
10 қараша 2019
КлубМаусымЛигаКубокҚұрлықтықТағы даБарыДивизионОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолТараз2017Қазақстан Премьер лигасы15110––161Уфа2017–18Ресей премьер лигасы2000––202018–19101000–20Барлығы301000--40Левски (аренда)2018–19Болгария чемпионаты3000––30Қайрат2019Қазақстан премьер лигасы131003000161Бары342203000392
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Soccerway (англ.) сайтындағы профилі
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Уфа ФК ойыншылары Санат:Левски ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары