Сергей Васильевич Волгин (5-мамыр, 1960 ж, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) — Кеңестік және Қазақстандық футболшы, шабуылшы, жаттықтырушы. КСРО спорт шебері (1986). Алматы футболының түлегі.

Мансабы 1977-1978ж.ж. АДК командасында ойнаудан бастаған.

1980-1981 ж.ж. жоғарғы топта Алматылық "Қайраттың" сапында үш ойын өткізген. 1981-1983-жылдары Талдықорғанның Жетісуында ойнаған. 1984 жылы "Қайратқа" қайта оралып, 1989 жылға дейін осы клубта өнер көрсетті. 1985 жылы үздік 33 футболшы тізіміне енді. 1985 жылы Мәскеудің "Спартагына" қарсы ойында хет-трик жасады. Осы жылғы футбол маусымынан кейін оны Константин Бесков өз клубына шақырды. 1986 жылы футбол маусымының алғашқы жартысын Мәскеулік "Спартактың" құрамында өткізді. КСРО-ның соңғы екі чемпионатында Металлург (Запорожье) командасында ойнады. Металлургта ойнаған кезде "Қайрат" — "Металлург" матчында бұрын өзі ойнаған Қайрат қақпасына гол салғаны қазақ жанкүйерлерін қынжылтқан еді. Ол ойын 2-0 есебімен украиндардың пайдасына шешілген болатын.

КСРО тарқаған соң 1992 жылы "Қайрат" командасына қайтып келді. Қайрат сол жылы чемпион болды, Қазақстан кубогын да иемденген болатын. Волгин 1992 жылы "Жыл футболшысы" атанған еді. Соңғы ойындарын 1993-1997 жылдары. Ресейдің Текстильщик (Камышин), Факел (Воронёж) клубтары құрамында өткізді.

Бапкерлік карьерасы 1998ж бастап жаттықтырушылық жұмыспен айналысты. Бірінші жұмыс орны Сергей Павлов жаттықтыратын Сатурн клубы болды. 2001-2004ж.ж. "Уралан" командасында болып, жаттықтырушылар Сергей Павлов пен Леонид Слуцкийге көмектесті. 2005-2007 жылдары Ертіс (Павлодар), 2008-де Атырау, Қарасай сарбаздары (Қаскелең), 2009-2010 жылдары Қайрат, 2013-2014 жылдары Қайсар (Қызылорда) командаларының бас жаттықтырушысы болды. Қайсарды сол кезде жоғарғы топқа алып шықты. PRO лицензиясы бар.

Ойнаған клубтары 1977—1978АДК (Алматы)1978—1979Чкаловец (Новосибирьск)40 (12)1979—1980Орал (Төменгі Тагиль)10 (3)1980—1989Қайрат235(80)1986—1987Спартак (Мәскеу)10 (1)1990—1991Металлург (Запорожье)63 (23)1991—1993Қайрат33 (13)1993—1995Текстильщик (Камышин)85 (10)1995—1996Факел (Воронеж)28 (5)

Бапкер болған клубтары 1998-2001Сатурн (Ресей)көмекші2001—2004Уралан (Ресей)көмекші2004Уралан (Ресей)м.а2004Уралан (Ресей)м.а2005—2007Ертіс (Павлодар)2008Атырау (Қазақстан)2008Қарасай Сарбаздары (Қазақстан)2009—2010Қайрат (Қазақстан)2013—2014Қайсар (Қазақстан)2014—2015Ақжайық (Қазақстан)2018—Факел (Ресей)

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:КСРО футболшылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Ертіс ФК жаттықтырушылары Санат:Сұңқар ФК жаттықтырушылары Санат:Қайрат ФК жаттықтырушылары Санат:Қайсар ФК жаттықтырушылары Санат:Ақжайық ФК жаттықтырушылары