Футболдан Қазақстан Суперкубогы 2013 — 2013 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеңімпазын анықтайтын матч. 2012 жылғы Қазақстан чемпионы "Шахтер" мен 2012 жылғы Кубок иесі "Астана" сынға түсіп, кеншілер ("Шахтер") 3:2 есебімен жеңіске жеттіhttp://pfl.kz/rus/report/5149/1 .

Матч

Шолу «Астана-Арена» стадионынан 11 2000 жанкүйер (ал тiкелей эфирден сан мыңдаған адам) тамашалаған тартысты бәсекенiң бiраз бөлiгi қарағандылықтардың басымдығымен өттi. Алайда, алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Кездесудiң екiншi бөлiгiнiң ортасына таяу айналдырған алты минуттың iшiнде чемпиондар таразы басын өздерiне аударып үлгердi: 55-минутта Мақсат Байжанов есеп ашса, ал 60-минутта Андрей Порываев оны еселей түстi. Нәтиже белгiлi ме? Жоқ, астаналықтардың бұған жауабы дайын екен, 64-минутта Фокси Кетевоама бiр доппен қарымта қайырды, жалпы ойынның соңғы бөлiгi қарағандылықтардың қақпасының маңында өттi. Ақыры 90-минутта Сергей Остапенко есептi теңестiрдi – 2:2.

Қосымша уақытта да алаң иелерi бiршама белсендiрек көрiндi, дегенмен, гол соғатын ұрымтал сәттердi уыстан шығарып алды. Ал 117-минутта Жамбыл Көкеев өзiне берiлген мүмкiндiктi мүлт жiберген жоқ – 3:2! «Шахтер» Суперкубок иегерi атанды.

"Алматы Ақшамы", 2013 жыл

Детальдар

Шахтёр:ҚҚ35 Александр МокинҚ87 Александр СимчевичҚ25 Сергей МалыйҚ4 Никола ВасилевичҚ17 Андрей ПорываевЖҚ77 Станислав ЛунинЖҚ88 Рохер КаньясЖҚ7 Мақсат БайжановЖҚ10 Жамбыл КөкеевШ18 Дәуренбек ТәжімбетовШ14 Андрей Финонченко (к)Алаңға шыққандар:ЖҚ3 Гедиминас ВичюсЖҚ8 Борут СемлерШ91 Сергей ХижниченкоБапкер: Виктор КумыковАстана:ҚҚ1 Ненад ЭричҚ6 Қайрат Нұрдәулетов (к)Қ26 ЗелаоҚ15 Абзал БейсебековҚ8 Виктор ДмитренкоҚ21 Александр КировЖҚ7 Ұлан ҚонысбаевЖҚ3 Валерий КоробкинЖҚ10 Фокси КетевоамаШ9 Сергей ОстапенкоШ28 Филип ИвановскийАлаңға шыққандар:ЖҚ13 Игорь ЦыгырлашЖҚ20 Дамир КояшевичШ17 Танат НөсербаевБапкер: Мирослав Беранек

Дереккөздер

Сілтемелер

ҚФФ сайтында

Санат:Футболдан Қазақстан Суперкубогы Санат:Астана ФК ойындары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойындары Санат:2013 жылғы футбол