«Энфилд» (англ. Anfield) — Ливерпульдегі футбол стадионы. Англиядағы сыйымдылығы жөнінен төртінші орында. "Ливерпуль" клубы 1892 жылдан бері өз алаңындағы ойындарын өткізеді.

Тарихы 1884-1891 жылдары "Эвертонның" да стадионы болған, кейін олар "Гудисон Паркке" көшті. "Энфильд" пен "Гудисон Парктің" арасы бар-жоғы 760 метр ғана.

Стадионға бір мезетте 54 074 адам жайғаса алады.

Стадионда төрт трибуна бар. Олар Спион Коп, «Мэйн Стэнд», «Сентенери Стэнд» және «Энфилд Роуд» деп аталады. Стадион 1884 жылы салынып бітті. Сол жылы қыркүйекте ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатында "Эвертон" және "Эрлстаун" клубтары кездесіп, "Эвертон" 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Мұнда концерттер, шоулар көп өткізілгендіктен, "Ән салатын стадион" деп те аталады.

Панорама

Дереккөздер

Әдебиетте Adams Duncan. A Fan's Guide to Football Grounds: England and Wales. — Hersham: Ian Allan, 2007. — ISBN 978-0-7110-3268-2. Graham Matthew. Liverpool. — Twickenham: Hamlyn Publishing, 1984. — ISBN 0-600-50254-6.

Сыртқы сілтемелер

Стадион жайлы WorldStadiums.com сайтында (ағылш.) *

Санат:Стадиондар Санат:Англия футбол стадиондары