Футболдан Еуропа чемпионаты 1988 (финал) — 1988 жылғы Еуропа чемпионатының шешуші матчы. 1988 жылы 25 маусым күні Мюнхендегі (ГФР) Олимпиаштадионда өтті. Нидерланд құрамасы 2:0 есебімен КСРО футболшыларын ұтыпhttp://www.uefa.com/competitions/euro2012/history/season=1988/round=210/match=22/index.html , бірінші рет Еуропа чемпионы атанды.
Матч туралы фактілер 54-минутта Марко ван Бастен қапталдан асырылған допты тоқтатпай қақпаға тепті. Доп доғаша иіліп барып, қақпаның алыс бұрышына енді. Кейін Германиялық атақты бапкер Франц Беккенбауэр Ван Бастеннің голын "Ғасыр голы" деп атады. КСРО футболшыларының есеп айырмасын қысқартатын мүмкіндігі болды. Бірақ Беланов пенальтиді соға алмады. Бұл - КСРО құрамасының Еуропа чемпионаттарының финалдық турнирлеріндегі ең соңғы матчы еді. Келесі Еуропа чемпионатына дейін КСРО тарап кетті. Бұл екі құрама топтық турнирдің бірінші турында да кездескен. Ол жолы КСРО 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. КСРО құрамасы Еуропа чемпионаттарының финалында үшінші рет ұтылды (1964, 1972, 1988). Кейін бұл көрсеткішті 20 жылдан соң Германия қайталады (1976, 1992, 2008)
Матч Протокол
КСРО: GK 1 Ринат ДасаевRB 5 Анатолий Демьяненко CB 3 Вагиз Хидиятуллин CB 7 Сергей АлейниковLB 6 Василий РацRM 8 Геннадий Литовченко CM 9 Александр ЗаваровCM 15Алексей МихайличенкоLM 18Сергей Гоцманов CF 10Олег Протасов CF 11Игорь БелановҚосалқы құрам:FW 19 Сергей Балтача FW 20 Виктор Пасулько Бапкер:Валерий Лобановский Нидерланд: GK 1 Ханс ван БрёкеленRB 6Берри ван Арле CB 4 Рональд КуманCB 17Франк РайкаардLB 2 Адри ван ТиггеленRM 7 Гералд ВаненбургCM 8 Арнольд МюренCM 20Ян Ваутерс LM 13Эрвин КуманCF 10Рууд ГуллитCF 12Марко ван БастенБапкер:Ринус Михелс Дереккөздер
Сілтемелер Матчты тамашалау Сергей Алейниковтың естелігі
Санат:Футболдан 1988 жылғы Еуропа біріншілігі Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:1988 жылғы маусым Санат:25 маусым оқиғалары Санат:1988 жылғы футбол Санат:Футболдан Еуропа біріншілігінің финалдары