Гвинея-Бисау Ұлттық футбол құрамасы - Халықаралық футбол турнилерінде Гвинея-Бисаудың намысын қорғайтын ұлттық құрама. КАФ және ФИФА мүшесі. Басқарушы орган - Гвинея-Бисау Футбол Федерациясы. Тарихы Африкадағы ең нашар құрамалардың бірі. Ешқашан әлем чемпионатына қатысқан емес. Африка Ұлттары кубогына тек 2017 жылы ғана тұңғыш рет жолдама алды да, топтық турнирден аса алмады. Дебют матчында Габон құрамасымен ұпай бөлісті. Гвинеялықтар сапынан тарихи голды матчтың 90+1 минутында Жуари Соареш соқты. Келесі ойында турнир фавориттерінің бірі Камерунмен терезесі тең ойнап, 1:2 есебімен ұтылды. Соңғы турда Буркина-Фасо құрамасы бұларға мүмкіндік қалдырмады - 0:2. Гвинея-Бисау жалғыз ғана ұпаймен соңғы орында қалды.

Құрама әлем чемпионатының іріктеулеріне 4 рет қатысқан.

Батыс Африка мемлекеттері сынға түсетін Амилькар Кабрал турниріне бір рет қана (1983) қатысқан.

Құрама ардагерлері 22 наурыз, 2018 жыл №ФутболшыЖЖМатчГол1Аделино Лопес1996–20013622Брайма Иньяй1996–200726+4Зезиньо2010–2623Йонас Мендеш2010–2504Бокунджи Ка2010–2015Эридсон2011–161Бакар Балде2010–1616Мамаду Канде2010–1507Сікеро Семедо2010–146Бруну Фернандеш2007–2012142Иванилду Кассама2010–20151418Ниче2003-201212+2Эдсон2010–120Баньяй2010–20141209Пикети2015–111Рудинилсон Сильва2014–110Леокисио Сами2011–11010Жуару Соареш2015–101Ибраима Со2011–101

Жетістіктері 2017 жылғы Африка кубогының қатысушысы Cілтемелер ФИФА сайтында

Санат:Гвинея-Бисау Ұлттық футбол құрамасы