Арғын, кейде арғұн (өзб. argʻin, тат. аргын, қырым тат. arğın) — түркі тайпасы. Орта жүздің құрамындағы алты тайпаның бірі. Қырым, Қазан және Қасым хандықтарындағы ең ықпалды төрт тайпаның бірі.
Тайпаның шығу тарихы
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, арғындардың шыққан тегі - моңғол тайпалары.
Генетикалық қоры
Қазақтардың құрамындағы арғындар
Саны
1896-1911 жылдары өткен ауыл-шаруашылық санақтарына сәйкес арғындардың саны 509 мың адамға жететін. Көкшетау уезінде қазақтардың 82 % (атығай, қарауыл), Павлодар уезінде 78 % (бәсентиін, сүйіндік), Қарқаралы уезінде 78 % (сүйіндік, қаракесек), Ақмола уезінде 67 % (қуандық, қанжығалы), Торғай уезінде 50 % (шегендік, саржетім, ақташы, үмбетей), Атбасар уезінде 46 % (қуандық, шегендік және т.б.), Петропавл уезінде 39 % (атығай, қарауыл), Омбы уезінде 35,3 % (айдабол), Семей уезінде 32 % (тобықты) құрайтын.
А.А.Темірғалиевтің мәліметтері бойынша арғындардың саны 1911-1913 жылдары 753 мыңға, ал Мұхамеджан Тынышбайұлының деректеріне сәйкес 1917 жылы 890 мыңға жететін.
Қоныстану аймақтары
Арғын тайпасының рулары бүкіл Қазақстанда қоныстанды, бірақ олардың мейлінше көп табан тіреген жерлері мыналар: Орталық Қазақстанда Есіл, Құланөтпес, Терісаққан, Қума өзендерінің аңғары, Қорғалжын, Теңіз көлдеріпің төңірегі, Нұра өзені мен оның көптеген салаларының бойы; Шығыс Қазақстанда Шыңғыстау, Шұбартау даласы, Тоқырау, Бақанас өзендерінің бойы, Солтүстік Балқаш өңірі, Қарқаралы таулары және оның көптеген өзендері бар төңірегі, Ащысу, Нұра өзендерінің бас жағы, Қарасор, Қатынкөл, Саумалкөл көлдерінің төңірегі, Баянауыл маңы мен Ертіс бойы; Солтүстік Қазақстанда Кішіқарой және Ебейті көлдерінен бастап, одан әрі Есіл мен оның салалары бойымен батысқа қарай, Зеренді, Алабота, Жалбыркөл, Сәулекөл, Ақпан-бөрлі, Тайсары, Жабай, Жыланды өзендерінің т. б. бойы.
Шежіресі
Бәйбішесінен «5 мейрам»: Қаракесек: қамбар, жалықбас, шұбыртпалы, бошан (таз, байбөрі, машай (қояншы-тағай, керней-кәрсон), жанту, манат), әлтеке (алмұрат, дос, қойкел, сапақ, есболат, өтеген), сарым (тоқсан, өтеміс), қара (қожас, жарас, бәркөз, өтеп, тақабай, мұрат, дүзен, тоқан) және шор (дүйсенбай, шекшек, тілеубай, әйтімбет, кожам, алтөбет). Қуандық: алтай-қарпықтар, тоқа, сармантай, мұрат, сайдалы, нұрбай, алсай), есенғарт, аманғарт, өмір, темір, темеш. Сүйіндік: қаржас, орманшы, құлболды (айдабол, күлік, ақбура, тұлпар, қаблан), жанболды, мәжік (малай, жәдігер). Бегендік: қозған (қарақозған, сарықозған, оразгелді (тәңірберді, сырық)). Шегендік: қақсал.
Тоқалынан «7 момын»: Атығай: кұдайберді, бәйімбет, бағыс, баба, ақкиік, койлы, кұлансу, бабасан, кадір, елтоқ, сары, есентаңырық, сүйіндікқар, майлыбалта. Бәсентиін: ақмайдан, бекмайдан, тоқмайдан, ақтілес, күшік, карабұжыр, апай, бөрі, сырым, төрт сары. Қарауыл: жақсылық, кұрманқожа, кұлынша, кұлымбет, түнқатар, қылды, ботпан, жаулыбай, ақонай, коңырша, қантай. Қанжығалы: есен, бозым, каракула Тобықты: жуантаяқ, дадан, мұсабай, көкше, бораншы. Дәуіт. Ақтәжі, Байтәжі.
Әйелі Айнамкөзден «кіші арғындар» немесе «тоқал арғындар» Төменгі шекті: саржетімдер: құлқай, өтей, алдияр (таз), мадияр, қойсары, байсары, сүгір, жиенбет. Саржетім құрамына кірмейтін тағышы. Жоғары шекті:қараман, шақшақ, айдерке, қырықмылтық, әлімбет, бәйімбет, төлек.
Қызынан (жиен) Тарақты: апай, тоқтауыл, қыдыр, жәші, әлі, сары, әйтей, қосанақ, алакөз, шәуке, әлеуке, төлес, сойылқас, шұңғырша, көгедей
Ұрандары мен таңбалары Тайпа Ру Таңбасы Ұраны Орта жүз
босаға
Арғын
көз Ақжол, ҚарақожаҚаракесек көзҚарқабатСүйіндік көзТөртуыл Тарақты тарақ, Жауқашар
Жоғары шекті жоғары шекті
Төменгі шекті төменгі шекті
Арғындар Кіші жүз жерінде де мекен еткен, ол жерлер: Қарақамыс, Шошқалы, Сарыкөл, Қойбағар көлдерінің төңірегі, көптеген шағын өзендердің бойы мен осы көлдер маңындағы алқаптар, Торғайға құятын Үлкентамды, Мойылды, Сарыторғай деген шағын өзендердің бойы, сондай-ақ Торғай өзенінің бас жағы және Сарыкөл төңірегі.
Қырым татарларының құрамындағы арғындар
Татарлардың құрамындағы арғындар
Арғындар Қазан және Қасым хандықтарындағы ең текті әулеттердің бірі болды. Олар жергілікті хан диуандарының құрамында болып, екі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына ықпал етті.
Башқұрттардың құрамындағы арғындар Башқұрт халқының құрамында қоныстанған қазақ арғындарының ұрпақтары.
Хакастардың құрамындағы арғындар
Арғындар хакастардың хызыл субэтникалық тобына кіріп, ұлық арғын және кіші арғын болып екіге бөлінеді. Олар XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында Алтысар ұлысында қоныстанған қазақ арғындарының ұрпақтары.
Тарихы
Округтегі ең көп Қаракесек руы бірінші топқа Мейрамсопыға жатады. Бұл жерде де туыстық ру басынан емес, Қаракесектен тарайтын жаңа рулар басталады: Көшім Қаракесектің үшінші ұрпағы Көшім атасының (қараңыз: 2-кесте). Қамбар Қаракесектің асырап алған баласының; Байбөрі Қаракесек немересінің; Айбике және Нұрбике-Шаншар-Қаракесектің Шаншар әйелдері (Айбике мен Нұрбике) қосылған Қаракесектің төртінші ұрпағының; Қарсон Қарпық Қаракесектің төртінші ұрпағы болатын. Қарсон атасы мен Қуандық руы Қарпық атасының; Әлтеке Сарым осы аттас аталарының Қояншы Тоғай Қаракесектен төртінші ұрпақ болатын Қояншы жәие Тоғай аталарының атымен аталады. Сондай-ақ, арғын тайпасында дербес болыс құрған Тарақты руын да атап өткен жөн. Егер XIX ғасырдың 30-жылдарында болыстар (5-кестені қараңыз), мысалы, Қарауыл, Әлтеке-Сарым сияқты біртектес болса, 40-жылдарда болыстардың бөлшектепуі немесе түрлі рулардың бір болысқа бірігуі де біртектес болды. Мысалы, Тобықты болысы, Дадан, Мәмбет, Күшік-Тобықты (Дадан Тобықты, сондай-ақ Тобықтыдан тарайтын бесінші ұрпақ Мәмбет пен Күшік (қараңыз: 2-кесте) болып бөлінгеи. Ал Қарауыл-Қамбар болысы екі, қарауыл қазақтарының бір болысқа біріккені көрсетеді. Алуан түрлі қауымдардың мұндай бірлестіктері жайылымдарды және жалпы алғанда өз мүдделерін бірлесіп қорғау қажеттігінен туды. Шынына келгенде, 30-жылдарда Қарауыл атасы 4 ауылдан, ал Қамбар атасы 10 ауылдан тұрған (қараңыз: 5-кесте). Өстіп үлкен бір болысқа біріккенде ғана олар басқаларына қарсы тұра алатын еді. Бірақ болыстардың бөлшектенуі бұдан әрі де жиі кездесті, оған жайылымдардың жеткіліксіздігі мен жаңа қоныстар іздестіру себеп болды. Мәселен, 30-жылдары Тобықты болысында басқалардың бәрінен де көп көрсеткіш 50 ауыл болған (қараңыз: 5-кесте). 40-жылдардың басында олар Мәмбет-Тобықты, Күшік-Тобықты болыстарына бөлінді (қараңыз: 4-кесте). 1850 жылғы 18 қаңтарда Мәмбет-Тобықты болысының старшындары мен билері Қарқаралы округтік приказына бұл болысты (16 старшындық; 1723 шаңырақ) екіге бөлуді, одан 8 старшындықты (825 шаңырақ) бөліп шығаруды өтіне келіп, олар былай деген: «...басқа 8 старшындық пен болыс басқармасынан мүлде басқа жақта әрі алыс қашықтықта (200 шақырымнан астам) болғандықтан, заңда көрсетілген міндеттерді атқаруда да, тығыз орналасқан қоныста малды азықтандыруда да қиыншылықтарға ұшырап келдік, қазір де ұшырап отырмыз». Сібір қазақтары шекаралық басқармасының ұсынысы бойынша, бұл болыс кейін: Мәмбет-Тобықты және Жүз-Мәмбет-Тобықты деген екі болысқа бөлінді. Одан бұрып, 1843 жылы, Байбөрі болысы екіге бөлінген болатын. Егер 30-жылдары 279 ауылдағы 16532 шаңырақта барлыгы 115240 жан болса (қараңыз: 5 кесте), 1841 жылғы деректер бойынша Қарқаралы округіндегі 136 ауылдағы 15022 шаңырақта 101 251 адам болған.
Ауылдардың, шаңырақтардың, халықтың бұлайша кемуіне, сөз жоқ, кейбір ауылдардың солтүстікке (Баянауыл таулары мен Ертіс жағына) және батысқа (Ақмола даласына) көшіп кетуі себеп болған. Облыстық басқару формасына көшкен кезде Қарқаралы арғындары дербес әкімшілік өлшем Қарқаралы уезі болып келген еді, ол уезд Шыңғыстаудың батыс сілемдеріггеп Мойынты озені мен Ақадыр шептеріііе дейін, Балқаш көліпен Баянауыл таулары аймағына дейіп созылып ж а та тын. 1897 жылғы деректер бойынша, уезде барлығы 104569 қазақ болған. Онда 181 старшындық болып, олардағы шаруашылықтар саны 30 528ге жеткен. Алғашқы он жыл ішінде уезд халқы көбейіп, 38 616 шаруашылыққа жетті, олардың ішінде арғындар 32 515 шаруапіылық еді. Қалған шаруашылықтар басқа тайпаларға жатады. (Олар жайында тиісті бөлімдерде айтылады). Қазақстанда облыстық басқаруды енгізе отырып, орыс үкіметі жаңа әкімшілік өлшемдер енгізуге, оларға рульщ атау бермей, топономикасын қоса өзгертіп, рулық негізді түптамырымен жоюға ұмтылды (мысалы, Тоқырауын Тоқырауын өзені, Шұбартау ІШұбар таулары т. б.). Уезде барлығы 19 болыс болды. Мұндай саясат Ресейдің өзіндегі капитализм дамуына байланысты түбегейлі өзгерістерге сай келген еді.
Жергілікті феодалдардың билігіне балта шабу арқылы патша өкіметі олардың қолынан экономикалық, саяси күштерді тартып алып, Қазақстанды жалпыресейлік қажеттерге байлап матады. Олар бұл арқылы ең бастысы Қазақстанды өзінің өнеркәсіп тауарлары үшін шикізат базасы мен рыногына айналдыруды мақсат өтті. Тарақты руы Шыңғыстаудың солтүстік-батысындағы Босаға, Шаған өзендерінің бойын мекендеген. Оның 104 шаруашылығы Қу бөлысы болды. Бұл болыста сол рудың Жантоқа және Тоқтауыл деген екі атасы жайлады. Уездің шығыс бөлігінде солармен қатар түрлі болыстарға бөлшектеліп кірген Қамбар руы тұрған. Айт және Олжас аталары (462 шаруашылық) Темірші, ал Толы бай, Шана, Сарман, Тілеу аталары (240 шаруашылық) Абыралы болысы болғаи.
Кейт тауларын Қарауыл руы мекендеген. Оның Байтуған, Құттықадам аталары (400 шаруашылық) Кент болысының құрамыиа еиген. Қуандық руы Нұра өзені мен соған құятын Шиелі өзенінің бойыида, Батпаққара көлі төңірегінде көшіп жүрді. Бұл жерлерде Алтай тармағына кіретін жәие Ақсары болысын құрайтын Итболды, Байболды аталарының 250 шаруашылығы көшіп жүрген. Балқаш көлінің сәл солтүстігінен бастап, даладағы Сарыбұлақ жәие Жәмші жылгаларына дейін, Мойынты өзенінің бойында Шұбыртпалы руьшың Көкала, Күйелі аталары мекеп еткен. Бұл аталардың 500 шаруашылығы Мойынты болысының құрамына енген.
Қаракесек руынан кейінгі сайы ең көп Тобықты руы Шыңғыстау мен оның төңірегіне, әсіресе Ащысу мен Шаған өзендерінің арасына, сонымен қатар Ащысуға құятын Шынбай өзенінің бойына қоныстанды. Аңыздарда Тобықты руынан шыққан Тоқтамыс XVIII ғасырдың 80-жылдарының аяғында Көкше таудан Шыңғыстауға Абылай ханның кіші ұлы Шама сұлтанды әкеліп, ол көп ұзамай жуантаяқ атасы қазақтарының билеушісі деп жариялапғап деліпеді (қараңыз: 2 кесте). XIX ғасырдың 40-жылдарында Шама батыр Дадан атасын Солтүстік Балқаш өңірі мен Қотанбұлақ алқабына қуып жіберген.
Көп кешікпей Шама батыр жоғарыда аталған алқапқа көшкен. Шыңғыстауды жуантаяқ атасынан басқа Мұсабай, Көкше аталары (қараңыз: 2кесте) мекендеген. Шыңғыстауды және оның солтүстігі мен шығысында жатқан кең даланы мекеи еткен тобықтылар XIX ғасырдың екінші жартысында Семей облысының құрамына еніп, Шаған (10 ауыл, 1167 шаңырақ), Бөрлі (10 ауыл, 1451 шаңырақ), Шыңғыс (11 ауыл, 1155 шаңырақ), Мұқыр (2 ауыл, 1586 шаңырақ) болыстарымен қоса Қызылмола болысының бір бөлігін иеленген. Семей облысындағы 2606 шаруашылықтан тобықтылардың үлесіне (Бесқарағай болысындағы азын-аулақ Тарақты руын 8 ауыл, 1239 шаңырақты қосқанда) 11284 шаруашылық тиген, ал барлық арғындар 12525 шаруашылық болған. Тобықты руынан қуып жіберіліп, Балқаш өңіріне кеткен Дадан атасы (қараңыз: 2кесте) Қарқаралы уезіпің 1252 шаруашылығы бар Батыс Балқаш болысы болды. Уезд жерінің қалған басым көпшілігі Қаракесек руының, оның Бошай, Майқы, Танас, Жылықбас, Сарым деген т. б. аталарының (қараңыз: 2кесте) қонысына айналды. Олар Тоқырауын, Қусақ, Ашаңбел, Мұқыр өзендерінің бойын, Қарқаралы, Кент, Қу, Едірей, Қарпытай, Қызыларай, Қоңыр тауларын, осы өңірдегі көптеген алқаптарды мекендеді.