Кларенс Зеедорф (, толық аты ; 1 сәуір 1976 жыл, Парамарибо, Суринам) — нидерланд футболшысы және жаттықтырушысы. Депортиво Ла-Корунья клубының бас бапкері. Карьерасында "Аякс", "Реал", "Милан" секілді клубтарда ойнап УЕФА Чемпиондар Лигасын үш түрлі клуб сапында ұтып алған жалғыз футболшы. Өмірбаяны Карьерасының көп бөлігін "Милан" клубында өткізген. "Милан" сапында он жылдай алаңға шығып, 2012 жылы Бразилияға кетті. "Ботафого" сапында екі жылдай ойнап, 38 жасында футболшылық ғұмырын аяқтады. Бірден бапкерлік ғұмырын бастады да, ең әуелі "Миланды" жаттықтырды. 2018 жылдың басынан бері Испанияның "Депортиво" клубын баптайды.
Жетістіктері Клубтық Аякс Чемпиондар Лигасы 1994/95 Нидерланд чемпионы 1993/94, 1994/95 Нидерланд кубогы 1992/93 Нидерланд суперкубогы 1993, 1994
Реал Мадрид Чемпиондар Лигасы: 1997/98 Испания чемпионы 1996/97 Испания суперкубогы 1997 Құрлықаралық кубок 1998
Милан Чемпиондар Лигасы: 2002/03, 2006/07 УЕФА Суперкубогы: 2003, 2007 Италия чемпионы: 2003/04, 2010/11 Италия кубогы: 2002/03 Италия суперкубогы: 2004, 2011 Әлемнің клубтық чемпионаты: 2007 Құрамада
Әлем чемпионатында 4-орын: 1998 Еуропаның қола жүлдегері: 2000, 2004 Жекелей Еуропаның үздік жартылай қорғаушысы 2006/07 ФИФА 100 тізіміне енген: 2002 Нидерландыдағы жыл таланты: 1993, 1994 Оранских-Нассау орденінің рыцарі (2011)
Сілтемелер Спортс.ру сайтындағы профилі Уорлдфутбол.нет сайтындағы профилі
Санат:Нидерланд футболшыларыСанат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Парамарибода туғандар Санат:Шэньчжэнь ФК жаттықтырушылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:Милан ФК жаттықтырушылары Санат:Депортиво Ла-Корунья ФК жаттықтырушылары Санат:Ботафого ФК ойыншылары