Олег Анатольевич Саленко (25 қазан 1969, Ленинград, КСРО) — КСРО, Украина, Ресей футболшысы, Футболдан 1994 жылғы әлем біріншілігінің үздік мергені (6 гол).
Мансабы Клубтық Әкесі украин, анасы орыс. Өзін КСРО-лықпын есептейдіОлег Саленко: «Я не украинец и не русский. Я — советский». "Зенит" сапындағы алғашқы матчын 16 жасында өткізген. Алғашқы матчында-ақ ленинградтық "Динамо" клубының қақпасына гол соғып, жанкүйерлердің жүрегін тез жаулап алды. Бірақ жанкүйерлер оның 1989 жылы Киевтің "Динамосына" ауысуына наразылық білдірді де, онысын сатқындық деп есептеді. Жанкүйерлердің осы наразылығы жолын байлағандай, Олег "Динамо" сапында кіл жұлдыздардың көлеңкесінде қалып, оншалық жарқырай алмады.
1992 жылы азырақ уақыт "Тоттенхэм" клубының оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Бірақ ол жақта ойнауға құжаттары сәйкес келмей, Испаниядағы аутсайдер клубтардың бірі "Логроньеске" ауысты. Кейін "Валенсия", "Рейнджерс" секілді атақты командаларда доп тепті.
Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапындағы тарихы оншалық бай емес. КСРО олимпиадалық құрамасында үш матчта алаңға шықты. 1992 жылы КСРО тарқаған соң Украина құрамасында бір ойын өткізді. Ойын өткізіп қана қоймай, капитан ретінде алаңға шықты да, Украина құрамасының тұңғыш капитаны ретінде тарихта қалды. Кейін Ресей құрамасында ойнауға ниет білдіріп, оған ФИФА рұқсат берді (өйткені, Украинамен өткізген матч ресми саналмағандықтан, ФИФА есебіне кірмейді екен).
Ресей құрамасы сапында ӘЧ-1994 іріктеулеріне қатысты. 1993 жылдың соңында "Он төрттің хаты" деген атпен тарихта қалған Ресей футболшылары "Павел Садыриннің орнына Анатолий Бышовец бапкер боп тағайындалсын" деп талап қойған ашық хатта Саленконың да қолы қойылған-ды. Кейін Саленко бас тартып, қойған қолын қайтып алды да, әлем чемпионатына баратындардың тізіміне қосылды. Ал, хатқа қол қойған көптеген футболшы әлем чемпионатына бара алмады.
Әлем чемпионатында Саленко алты гол соқты. Алты голдың бесеуін үшінші турда Камерунның қақпасына соғып, бір матчта бес гол (пента-трик) соққан тұңғыш футболшы боп тарихты қалды. Әзірше әлем чемпионаттарында футболшының ол ерлігін осы күнге дейін ешкім қайталай қойған жоқ. Бірақ бұл жетістік құрамаға көмектеспеді, бұдан алдыңғы екі турда Бразилия мен Швециядан (Саленко Швецияға да бір гол соққан-ды) ұтылған Ресей бар-жоғы үш ұпаймен үшінші орында қалды.
Камерунмен ойын Саленконың құрама сапындағы ең соңғы матчы еді. Оны қайтадан ешкім құрамаға шақырмады.
Жетістіктер Әлем чемпионатының үздік мергені: 1994 (6 гол) КСРО чемпионы: 1990 КСРО кубогы: 1990 Шотландия чемпионы: 1996
Дереккөздер
Сілтемелер Ойыншының профилі
Санат:Ресей футболшылары Санат:Украина футболшылары Санат:КСРО футболшылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Зенит ФК ойыншылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Рейнджерс ФК ойыншылары