Мартиника Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық жарыстарда Мартиниканың намысын қорғайды. Басқарушы ұйым - Мартиника футбол лигасы. Бұл ұйым Француз футбол федерациясына бағынады. Сол себепті де құрама ФИФА-ға тіркелмеген, әлем чемпионаттарына қатыса алмайды.

КОНКАКАФ Алтын кубогына 4 рет (алғаш рет 1993) қатысқан. 2002 жылы ғана 1/4 финалға шықты. Қалған қатысуларында топтық турнирден өте алмады. Ал Кариб елдері кубогында 1993 жылы чемпион атанған, келесі жылы екінші орынға табан тіреді. 1992, 1996, 2000 жылдары үшінші орынға қол жеткізді. Сілтемелер Ресми сайты Статистикасы

Санат:Мартиника Ұлттық футбол құрамасы