Фредерико Шавес Гедес (, Фред ретінде танымал (); 3 қазан 1983 жыл, Теофило Отони, Минас-Жерайс) — бразилиялық футболшы, "Крузейро" футбол клубының шабуылшысы.
Биографиясы Карьерасында "Америка Минейро" (Бразилия), "Крузейро" (Бразилия), "Лион" (Франция), "Флуминенсе" (Бразилия) секілді клубтарда ойнады. 2018 жылы "Крузейроға" қайта оралды (2004-05 жылдары бір маусым осы клубта ойнаған).
Ұлттық құрама сапында тоғыз жыл ойнады, 2006, 2014 жылғы әлем чемпионаттарына қатысып, бір-бір голдан енгізді. Халықаралық деңгейдегі турнирлерде ең белсенген додасы - 2013 жылы өз отанында өткен Конфедерациялар кубогы. Финалда Испанияның қақпасына екі гол енгізді, бұл кездесуде селесаулар 3:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанды.
2014 жылғы Бразилия үшін сәтсіз аяқталған әлем біріншілігінен соң ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады.
Жетістіктері
Командалық
Олимпик (Лион)
Франция чемпионы (3): 2005/06, 2006/07, 2007/08 Франция кубогы: 2007/08
Флуминенсе
Бразилия чемпионы (2): 2010, 2012
Бразилия
Конфедерациялар кубогы: 2013
Жеке
Бразилияның үздік футболшысы: 2004
Дереккөздер
Сілтемелер Статистикасы
Санат:3 қазанда туғандар Санат:Бразилия футболшылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Крузейро ФК ойыншылары Санат:Флуминенсе ФК ойыншылары Санат:Америка Минейро ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Атлетико Минейро ФК ойыншылары