Қаратерек (1999 жылға дейін — Херсонское)Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік бөлініс тарихынан (25.04.1921 ж. - 01.01.2017 ж.) — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл, Қаратерек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан оратлығы – Кішкенекөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 81 км-дей жерде, Ресей Федерациясының Омбы облысымен шекаралас тұсында, Теке өзенінің жағасында, орманды дала белдерінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 853 адам (437 ер адам және 416 әйел адам) болса, 2009 жылы 497 адамды (273 ер адам және 224 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы 2000 жылға дейін Херсон деп аталып келді. Іргесі 1954 жылы тың жерлерді игеру мен ұсақ ұжымшарларға біріктіруге байланысты астық кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылы кеңшар негізінде мұнда 1 ЖШС, 5 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдерлік- акушерлік пункт бар.

Дереккөздер

Санат:Уәлиханов ауданы елді мекендері