Ян Кацпер Беднарек (; 12 сәуір 1996 жыл, Слупца, Польша) — поляк футболшысы, «Саутгемптон» клубы мен Польша құрамасының қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық "Лех" клубының түлегі. 2013 жылы "Пяста" клубына қарсы ойында бірінші рет алаңға шықты. Екі жылдан соң "Гурник" командасына жалға берілді де, ол клубта да алғашқы ойынын 29 тамыз күні тағы да "Пястаға" қарсы өткізді.
2017 жылы жазда Англияның "Саутгемптон" клубына ауысты. 2018 жылы 14 сәуір күні "Челсимен" ойында тұңғыш рет алаңға шықты да, алғашқы голын да осы матчта соқты.
Халықаралық Польша құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 2017 жылы 4 қыркүйекте Қазақстанға қарсы өткізді. Бұл 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі еді.
Ұлттық құрама сапында 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Топтық кезеңнің соңғы турында Жапонияның қақпасына матч тағдырын шешкен жалғыз голды соқты. Бірақ бұл жеңіс полятарға көмектеспеді, өйткені құрама бұл кездесуге дейін-ақ плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айралған болатын.
Жетістіктері Командалық
«Лех»
Польша чемпионы — 2014/2015
Дереккөздер
Сілтемелер 90minut.pl Статистикаcs Профилі Jan Bednarek
Санат:Польша футболшылары Санат:Саутгемптон ФК ойыншылары Санат:Лех ФК ойыншылары Санат:Польша Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гурник Ленчна ФК ойыншылары