Мануэл Ресенде де Матос Кабрал (; 26 шілде 1950 жыл, Рио-де-Жанейро), Нелиньо ( деген атпен танымал) — бразилиялық футболшы, қорғаушы. Футболшы жайлы мәліметтер Ұлттық чемпионаттардағы үздік 80 мерген қорғаушының тізіміне енгенWorld Record of the national championships (1888/89 — 2009). 1978 жылғы әлем біріншілігінде екі доп соқты. Екінші кезеңде Польшамен ойында есеп ашты (Бұл ойында бразилиялықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті). Үшінші орын үшін кездесуде де Италияның қақпасына қапталдан әуелете соғып есеп ашты, бұл гол чемпионаттың үздік голдарының тізіміне енді. 1987-90 жылдары Минас-Жерайс штатының депутаты боп қызмет атқарды. 1993 жылы қаңтарда "Атлетико Минейро" клубының бапкері боп тағайындалды. Оңың жаттықтыруымен клуб 27 кездесу өткізіп, 17 кездесуде жеңіске жетті. 2005-2008 жылдары О'Глобо арнасында комментатор болды.

Жетістіктері

Командалық

Минас-Жерайс штатының чемпионы: 1973, 1974, 1975, 1977, 1982, 1983, 1985, 1986 Минас-Жерайс кубогы: 1973, 1975, 1979 Либертадорес кубогы: 1976 Рио-Бранко кубогы: 1976 Освалдо Круз кубогы: 1976 Атлантика кубогы: 1976 Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы: 1980

Жеке

Бразилиядағы "Күміс доп" иегері: 1975, 1979, 1980, 1983

Дереккөздер

Сілтемелер Профиль (brasilnacopa) Профиль (СамбаФут) Нелиньо жайлы (terceirotempo.ig.com.br) Профиль (Футпедия)

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Америка Рио-де-Жанейро ФК ойыншылары Санат:Баррейринси ФК ойыншылары Санат:Депортиво Ансоатеги ФК ойыншылары Санат:Ремо ФК ойыншылары Санат:Крузейро ФК ойыншылары Санат:Гремио ФК ойыншылары Санат:Атлетико Минейро ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары