«Парклэнд» (ағыл. Parkland) — АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің өліміhttp://www.reuters.com/article/2013/09/01/entertainment-us-venice-festival-jfk-idUSBRE9800D020130901 жайлы 2013 жылы түсірілген биографиялық кинотриллер. Сценариін Питер Ландесман жазды. Сценариі Винсенте Буглиозидің «Джон Кеннедидің өлімі: Қалпына келтірілген тарих» атты кітабының желісімен түзілді.
2013 жылы қаңтарда Техас штатындағы Остинде көрсетіле бастады.
Сюжеті Фильде президенттің өліміне дейінгі және кейінгі "Парклэнд" ауруханасы мен Дили Плазадағы мектеп кітаптары қоймасындағы қызметкерлердің әрекеті мен эмоциясы баяндалады. Президентке қастандық жасалған сәт көрсетілмейді, бірақ сол сәтте оқиғаны Авраам Запрудердің бейнетаспаға қалай түсіріп алғандығы көрсетіледі.
Одан басқа қастандықтан кейін күдікті ретінде қолға түскен Ли Харви Освальд пен ағасы Роберттің өзара әңгімелесуі, олардың анасы Маргарет Освальдтың болған жәйттегі эмоциялары, дәрігерлердің президентті аман алып қалмақ болып жанталасқан сәттері баяндалады. Бұлардан бөлек Авраам Запрудер түсіріп алған бейнетаспаның кейінгі тағдыры көрсетіледі. Адам өлімінен шошынып қалған Авраам қайтадан сол бейнекамерасын ешқашан қолына ұстамайды.
Рөлдерде АктёрРөлДжеймс Бэдж ДэйлРоберт Эдвард Ли ОсвальдЗак Эфрондоктор Чарльз Джеймс КаррикоПол ДжаматтиАбрахам ЗапрудерБилли Боб ТорнтонФоррест Сорелс (құпия қызметтің агенті)Рон ЛивингстонДжеймс Патрик Хости (ФБР агенті)Колин ХэнксМалкольм Оливер ПерриДэвид ХарборДжеймс Гордон Шанклин (ФБР агенті)Марша Гей ХарденДорис Нельсон (медбике)Джереми Стронг Ли Харви ОсвальдДжеки УиверМаргарет ОсвальдТом УэллингРой Келлерман (құпия қызметтің агенті)Битси ТаллокМэрлин Ситсмэн (Авраам Запрудердің көмекшісі)Брэтт СтимелиДжон Ф. КеннедиКэт СтеффенсЖаклин КеннедиДжонатан БрекУинстон ЛоусонДжеки Эрл ХейлиОскар Хубер (әулие әкей)Дана Уиллер-НиколсонЛилиан Запрудер
Марапаттары МарапатСанатНоминантҚорытындыВенеция кинофестивалі«Алтын арыстан» жүлдесіПитер ЛандесманНоминацияЛондон кинофестивалі«Үздік фильм»Питер ЛандесманНоминацияЦюрих кинофестивалі«Үздік Халықаралық көркем фильм»Питер ЛандесманНоминация
Рейтингі Фильм көпшілікке онша ұнай қоймады. «Rotten Tomatoes» сайтындағы сауалнамаға қатысқандардың 49 пайызы ғана жақсы фильм ретінде бағалады да, ғаламтор қолданушылары фильмді аямай сынға алды..
Дереккөздер
Сілтемелер "Парклэнд" Internet Movie Database сайтында
Санат:2013 жылғы фильмдер Санат:АҚШ тарихи фильмдері Санат:АҚШ триллер фильмдері