Арқалық – Шаған тауының батысында орналасқан тау.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ және Көксу аудандарының шекарасында. Абсолюттік биіктігі 1411 м.
Жер бедері Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Беткейлері көлбеу, сай-жыра, өзен аңғарларымен тілімденген. Солтүстік және шығыс бөктерінен Быжы, оңтүстік-батысынан Қылқамыс өзендері ағып өтеді. Барлық беткейінде көне тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр.
Өсімдігі Таудың баурайындағы карбонатты қызғылт сұр топырағында жусан, боз, селеу, қылқұрт, қозықұлақ өседі.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8 Қазақ энциклопедиясы I том
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы таулары Санат:Көксу ауданы таулары