«Бұл Шұғылада болған еді» — толық метражды көркем фильм. 1955 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.

Сюжеті Сюжет бойынша Телғара Темірбеков «Шұғыла» колхозында жиырма жыл бойы төрағалық қызмет атқарады. Ол өзінің алғырлығы мен білгірлігі арқасында колхоз ұйымдастырып, оның экономикалық тұрғыдан орнығуына бар күшін салып, аудандағы үздік колхоздардың бірі етуіне еңбек етеді. Алайда жылдар өте келе Телғара қатты өзгереді. Дандайсып, колхоздағыларға құлақ асудан және сыйлаудан қалады. Айналасын жағымпаздармен қоршайды. Бұның бәрі колхоздың күйреуіне әкеп соғады: мал өлімі көбейіп, астық өнімдерінің түсімі азаяды. Жас агроном Бақытжан, фельдшер Ксюша Телғара Темірбековпен күреуге бел буады. Оларды райком партиясының хатшысы Рүстемов қолдайды. Орынды айтылған сынды қабылдаған Телғара Темірбеков қателескенін мойындайды .

Рөлдерде Телғара Темірбеков — Ыдырыс Ноғайбаев Бақытжан — Кененбай Қожабеков Бухгалтер — Серке Қожамқұлов Ажар — Сәбира Майқанова Майра — Бибігүл Төлегенова Жанас — Елубай Өмірзақов

Дереккөздер

Санат:КСРО кинодрамалары Санат:Қазақфильм фильмдері