Сергей Анатольевич Тимофеев (5 наурыз 1965, Павлодар, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО және қазақстандық футболшы. Қорғаныста да, жартылай қорғаныста да ойнаған. КСРО-ның спорт шебері (1990).

Мансабы Павлодар футболының түлегі. 1985 жылы 19 жасында алматылық "Қайрат" сапына өтті. Командада ойнап жүріп 1988 жылы КСРО Футбол Федерациясы кубогының жеңімпазы атанды. 1986 жылы "Қайрат" КСРО чемпионатында 7-орын алып, КСРО чемпионаты тарихындағы ең жоғары жетістігіне қол жеткізгенде, Тимофеев өте белсенді футболшылардың бірі болды.

1990 жылы "Қайрат" КСРО чемпионатының бірінші лигасында сәтсіз ойнады да, Тимофеев командадан кетті. Сол кеткеннен Қазақстанға 2000 жылы бір-ақ оралды. 1995 жылы "Алания" сапында Ресей чемпионы атанды (қазақстандық футболшылар арасында Ресей чемпионы атанған жалғыз футболшы). 2004 жылы "Екібастұз" сапында ойнап жүріп, 39 жасында футбол ойнауды доғарды.

Сол жылы-ақ бапкерлік карьерасын осы "Екібастұзды" жаттықтырудан бастады.

Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы және экс-жаттықтырушысы. Құрама сапында 1997-2000 жылдары өнер көрсетті. 2004-05 жылдары құрама жаттықтырушысы болды. ӘЧ-2006 іріктеуінде ол баптаған құрама 12 кездесуде 1 ғана ұпай алды да, қызметтен босады. Онан соң он жыл бойы Ресейдің төменгі лигаларындағы командаларға жаттықтырушы болды.

2016 жылы Қазақстанға оралып, Семейдің "Алтай" клубына бапкер болды.

Ойнаған клубтары 1982—1984 Ертіс61 (5)1985—1990 Қайрат115 (3)1990—1991 Спартак (Владикавказ)30 (1)1992 Нива (Тернополь)13 (0)1992—1994 Динамо (Мәскеу)43 (3)1995—1997 Алания67 (3)1998 Локомотив (ТН)32 (6)1999 Сокол20 (0)2000—2001 Есіл-Богатырь55 (3)2002—2003 Ертіс49 (3)2004 Екібастұз21 (0)

Баптаған клубтары 2004Екібастұз2004—2005Қазақстан2005Атырау2006Ростов2008Луховицы2009МВД России-Крылатское2010Сахалин2011—2012Мостовик-Приморье2012—2014Сахалин2016Алтай2017—Алтай (футбол клубы, Өскемен)

Жетістіктері

Командалық

«Динамо» Москва

Ресейдің күміс жүлдегері 1994 Ресейдің қола жүлдегері 1992, 1993

«Алания»

Ресей чемпионы: 1995 Ресейдің күміс жүлдегері 1996

«Аксесс-Голден Грейн»/«Есіл-Богатырь»

Қазақстанның күміс жүлдегері: 2000 Қазақстанның қола жүлдегері: 2001

«Ертіс»

Қазақстан чемпионы: 2002, 2003

Жеке

Ресей чемеионатындағы үздік-33: 1993 Қазақстанның үздік сол қанат қорғаушысы: 2000, 2002, 2003. Дереккөздер

Сілтемелер Для чего вернулся в Казахстан Сергей Тимофеев

Санат:КСРО футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Нива Тернополь ФК ойыншылары Санат:Алания ФК ойыншылары Санат:Екібастұз-1979 ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:Динамо Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Сокол ФК ойыншылары Санат:Екібастұз-1979 ФК жаттықтырушылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Атырау ФК жаттықтырушылары Санат:Алтай Өскемен ФК жаттықтырушылары Санат:Ростов ФК жаттықтырушылары