Симоне Паскуале Перро́тта (; 17 қыркүйек 1977, Эштон-андер-Лайн, Үлкен Манчестер, Англия) — италиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2006 жылғы әлем чемпионы.
"Реджина" футбол клубының түлегі. Карьерасында "Ювентус", "Бари", "Кьево", "Рома" секілді Италия клубтарында доп тепті. "Рома" сапында тоғыз маусым ойнап, 2013 жылы футболмен қоштасты.
2002-09 жылдары Италия құрамасының намысын қорғады. 2004, 2008 жылдары Еуропа чемпионатына, 2006 жылы әлем чемпионатына қатысты. 2004 жылы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Болагрияның қақпасына бір гол соқты. Бұл ойында Италия 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Жетістіктері
Командалық
Интертото кубогы (1): 1999 Италия кубогы (2): 2006/07, 2007/08 Италия суперкубогы (1): 2007 Жастар арасындағы әлем чемпионы (1): 2000 Әлем чемпионы (1): 2006
Жеке
Италия кубогының үздік мергені: 2006/07 (4 гол)
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі мен статистикасы
Санат:Италия футболшылары Санат:Реджина ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Бари ФК ойыншылары Санат:Кьево ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары