Теңдік — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл, Теңдік ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Тайынша қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде, Шағалалы көлінен оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 532 адам (263 ер адам және 269 әйел адам) болса, 2009 жылы 482 адамды (248 ер адам және 234 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Тайынша ауданы елді мекендері