Седрик Рикарду Алвеш Суареш (пор. Cédric Ricardo Alves Soares; 31 тамыз 1991 жыл, Зинген, Германия) — португалиялық футболшы, қорғаушы. 2016 жылғы Еуропа чемпионы. Футболшы жайлы фактілер Португалиядан Германияға ауып барған португалдар отбасында дүниеге келген. Бірақ 1993 жылы-ақ тарихи отанына көшіп өтті. Седрик 1999 жылы "Спортинг Лиссабон" клубының мектебіне қабылданды. Португалия чемпионатындағы дебют ойынын 2011 жылы "Виторияға" қарсы өткізді. 2015 жылы 18 маусымда Англияның "Саутгемптон" клубына ауысып, төрт жылдық келісім шарт жасасты. Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2014 жылы 11 қазан күні Францияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.
Жетістіктері
Командалық
«Академика»
Португалия кубогы: 2011/12
«Спортинг»
Португалия кубогы: 2014/15
«Арсенал»
Англия кубогы: 2019/20 Англия суперкубогы: 2020 Португалия
Еуропа чемпионы: 2016 Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2017
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Португалия футболшылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Саутгемптон ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары