Яри Олави Литманен (; 20 ақпан 1971, Лахти, Финляндия) — фин футболшысы, шабуылшы. Финляндия ұлттық құрамасының экс-ойыншысы.

Мансабы Футболшылар отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Олави Литманен де ұлттық құрамада доп тепкен. Яри балалық шағында хоккейге қатты қызыққанымен, кейін футболмен айналысуға біржола көшті.

Ұлттық құрама Финляндия құрамасында 21 жыл бойы (1989-2010) ойнады да, матч санымен де, гол санымен де рекорд жасады. 137 матчта алаңға шығып, 37 гол соқты.

Бірақ ешқандай ірі турнирлерге қатыса алмады. ЕУРО-2008 іріктеуінде финалдық турнирге қатысуға мүмкіндігі болғанымен, құрама соңғы сәтте ғана Польша мен Португалияны оздырып алды.

Клубтық "Аякс" сапыннда 1992-99 жылдары ойнап, керемет табыстарға қол жеткізді, 1995 жылы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанып қана қоймай, үздік мергені атағына да ие болды.

"Аякстан" 1999 жылы кеткен соң қайтадан бұрынғы биігіне көтеріле алмады, "Барселона" сапында да, "Ливерпуль" сапында да қосалқы құрамда қалып кете берді.

2011 жылы ХИК клубында ойнап жүріп, 40 жасында футболшылық карьерасын аяқтады.

Жетістіктері «МюПа-47»

Финляндия кубогы: 1992

«Аякс»

Нидерланд чемпионы (5): 1993/94, 1994/95, 1995/96, 1997/98, 2003/04 Нидерланд кубогы (3): 1993, 1998, 1999 Нидерланд суперкубогы (3): 1993, 1994, 1995 Чемпиондар Лигасы: 1995 УЕФА кубогы: 1992 УЕФА суперкубогы: 1995 Құрлықаралық кубок: 1995

«Ливерпуль»

Лига кубогы: 2000/01 Англия суперкубогы: 2000/01 Англия кубогы: 2001 УЕФА кубогы: 2000/01 УЕФА суперкубогы: 2001

Финляндия құрамасы

Солтүстік Еуропа чемпионы: 2001

«ХИК»

Финляндия чемпионы: 2011 Финляндия кубогы: 2011

Жеке

Финляндиядағы жыл спортшысы: 1995 Финляндиядағы жыл футболшысы (9): 1990, 1992, 1993, 1994, 1995, 1996, 1997, 1998, 2000 Нидерландыдағы жыл футболшысы: 1993 Чемпиондар Лигасының үздік мергені: 1996

Сілтемелер Профилі Вейккауслиигадағы статистикасы Профилі Биографиясы және Литманенмен сұқбат Профилі Профилі Профилі Литманен жайлы мақала «Финский стрелок». Sports.ru

Санат:Финляндия футболшылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Ганза ФК ойыншылары Санат:Мальме ФК ойыншылары Санат:Финляндия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:ХИК ФК ойыншылары Санат:Фулхэм ФК ойыншылары Санат:Лахти ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары