Желтораңғы — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Желтораңғы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Бақанас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 95 км-дей жерде, Іле жайылмасының әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен қамысты-құрақты сұр, бозғылт қоңыр құмдақ топырақты шөлейт жазықта орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен17171725 1458 84,5 879 749 85,2 846 709 83,87

Тарихы Іргесі 1961 жылы етті қой кеңшарын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан серіктестіктер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Желтораңғыда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Балқаш ауданы елді мекендері