Хенрик Эдвард Ларссон (; 20 қыркүйек 1971https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3514, Хельсингборг, Швеция) — швед футболшысы, шабуылшы.
Футболшы жайлы фактілер
Шотландияның "Селтик" және Испанияның "Барселона" клубтарында ойнаған жылдары көпке танымал болған. Швеция Ұлттық футбол құрамасында 15 жыл бойы өнер көрсетті. 2002 жылғы әлем біріншілігінде Швеция 1/8 финалдан аса алмады да, Ларссон құрамамен қоштасты. Бірақ кейін жалпы көпшіліктің өтінішін жерге тастай алмай, құрамаға қайта оралды да, 2009 жылға дейін ойнады.
1994, 2002, 2006 жылдары әлем чемпионатына қатысып, үшеуінде де гол соқты. 1994 жылғы әлем біріншігінің үшінші орын үшін кездеуінде Болгарияның қақпасына бір гол соқты да, команданың жеңісіне (4:0) өз үлесін қосты. 2006 жылғы Чемпиондар Лигасының финалында "Барселона" 0:1 есебімен "Арсеналдан" ұтылып жатқанда Ларссон екі рет нәтижелі пас шығарды. Футбол ойнауды доғарған соң бапкерлікпен айналысып, 2014-16 жылдары туған клубы "Хельсинборгты" жаттықтырды. Бірақ 2016 жылы команда жоғары лигадан түсіп қалды да, Ларссон сол себепті қызметтен кетті.
Жетістіктері
Командалық «Фейеноорд»
Нидерланд кубогы (2): 1993/94, 1994/95
«Селтик»
Шотландия чемпионы (4): 1997/98, 2000/01, 2001/02, 2003/04 Шотландия лигасының кубогы (2): 1997/98, 2000/01 Шотландия кубогы (2): 2000/01, 2003/04
«Барселона»
Испания чемпионы (2): 2004/05, 2005/06 Испания суперкубогы: 2006 Чемпиондар лигасы: 2005/06
«Манчестер Юнайтед»
Англия чемпионы: 2006/07
«Хельсингборг»
Швеция кубогы: 2006
Швеция
ӘЧ-1994 қола жүлдегері
Жеке
Швеция жыл футболшысы (2): 1998, 2004 Шотландия чемпионатының үздік мергені: 1999, 2001, 2002, 2003, 2004 годов «Алтын бутсы» иегері: 2001 Швецияның соңғы 50 жыл ішіндегі үздік футболшысы: 2003 Швецияның бүкіл тарихындағы үздік футболшысы: 2005 ЕУРО-2004 символикалық құрамы
Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайты Хенрик Ларссон. Профилі Профилі
Санат:20 қыркүйекте туғандар Санат:Швеция футболшылары Санат:Швеция футбол жаттықтырушылары Санат:Хегаборг ФК ойыншылары Санат:Хельсинборг ФК ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Хельсинборг ФК жаттықтырушылары Санат:Швеция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары