Александр Михель (23 шілде 1963) — КСРО футболшысы, шабуылшы. Алматы футболының түлегі.
Карьерасы
Бастапқы жылдары Кәсіби карьерасын 1984 жылы КСРО чемпионатының екінші лигасында ойнайтын СКИФ клубында бастады.
1985-87 жылдары үш маусым Барнаулдың "Динамосында" доп теуіп, 1988 жылы Ташкенттің "Пахтакорына" ауысты. "Пахтакор" сапындағы алғашқы ойынын 1988 жылы 26 мамыр күні "Заря" (Ворошиловград) клубына қарсы өткізіп, матч тағдырын шешті. Ол маусымда Михель 12 гол соқты.
Қайрат сапында 1989 жылы бірінші лигаға түсіп кеткен "Қайратқа" шақырылды. "Қайрат" сапында Евстафий Пехлеваниди, Юрий Найдовский, Сергей Климов секілді шабуылшырамен бірге доп тепті. Алғашқы голын 1989 жылы 25 сәуір күні Кемеровоның "Кузбасс" қақпасына енгізді. Бұл ойында "Қайрат" 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Маусым ортасында Пехлеваниди клубтан кетті де, Михель тұрақты түрде алаңға шыға бастады. Екніші айналымда жеті гол соқты (Чемпионатта барлығы 11 гол енгізген-ді). Бірақ "Қайрат" үшінші орында қалып, жоғары лиғаға шыға алмады.
1990 жылы Михельдің ойыны нашарлап кетті. Бірінші айналымда үш рет қана гол соқты да, сонымен шектеліп қалды. Ал 1991 жылғы маусымда не-бары бес рет қана алаңға шығып, бір гол да соқпады.
Жетістіктері
КСРО чемпионатының қола жүлдегері: 1989 (1 лига)
Сілтемелер Статистикасы (footballfacts.ru)
Санат:23 шілдеде туғандар Санат:СКИФ Алматы ФК ойыншылары Санат:Динамо Барнаул ФК ойыншылары Санат:Пахтакор ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:КСРО футболшылары