Жуниор Кабананга (; 4 сәуір 1989 Киншаса, Конго ДР) — Конго Демократиялық Республикасының футболшысы, шабуылшы.

Карьерасы

Астана Қазақстандық жанкүйерлерге 2015 жылы "Астана" сапына ауысқаннан бері жақсы таныс. Сол жылы "Астана" Қазақстан клубтары арасында бірінші боп УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды да, Кабананга алты ойынның бәріне де қатысты, бірақ гол соға алмады.

2016 жылы қаңтарда Түркияның "Кардемир" клубына жалға берілді. Сол жылы жазда "Астанаға" қайта оралды. УЕФА Еуропа Лигасында 2 гол соқты.

2017 жылғы маусымда "Астана" сапында 31 матчта алаңға шығып, 19 голдың авторы атанды. Жыл соңында Қазақстан чемпионатындағы үздік оң қанат шабуылшы атанды. УЕФА Еуропа Лигасында үш голдың авторы атанды.

2018 жылы қыста Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубына ауысты. Бірақ ол жақта шеберлігін толық көрсете алмады да, жазда "Астанаға" жалға берілді.

2019 жылы шілдеде "Катар СК" клубына ауысты.

Жетістіктері

Командалық

Ұлттық құрама

Африка Ұлттары кубогының қола жүлдегері: 2015

«Астана»

Қазақстан чемпионы — 2015, 2016, 2017, 2018 Қазақстан кубогы: 2016 Қазақстан суперкубогы: 2019

«Әл-Наср»

Сауд Арабия чемпионатының қола жүлдегері: 2017/2018

Жеке

Қазақстан кубогының үздік мергені: 2016 Африка Ұлттар кубогының үздік мергені: 2017 Сілтемелер

Санат:4 сәуірде туғандар Санат:Конго Демократиялық Республикасы футболшылары Санат:Конго Демократиялық Республикасы Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Андерлехт ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Әл-Наср Эр-Рияд ФК ойыншылары Санат:Вита Киншаса ФК ойыншылары Санат:Шахтер Солигорск ФК ойыншылары Санат:Катар СК ойыншылары Санат:Мақтаарал ФК ойыншылары