Мариано Диас Мехия (; 1 тамыз 1993 жыл, Премия-де-Мар) — доминикалық және испаниялық футболшы, шабуылшы. "Реал Мадрид" сапында ойнайды.
Карьерасы
Клубтық Мариано балалық шағында Испанияның бірнеше клубында ойнады. Кәсіпқой карьерасын 2011 жылы "Бадалонада" бастағанымен, алаңға көп шыға алмады.
2012 жылы "Реал Мадрид" сапына қабылданды. Біраз жылдар бойы мадридтік клубтың екінші, үшінші командаларында ойнады. 2015/16 жылы Испания сегундасының үздік мергені атанды да, бас командаға қайта оралды. 2016 жылы желтоқсанда негізгі командада тұңғыш ресми ойынын өткізді.
2017 жылы Францияның "Олимпик" клубына ауысты. 2018 жылы тамыз айында "Реал" қайтадан сатып алды. Командадан кеткен Криштиану Роналдудың 7-нөмірлі жейдесін Мариано алды. Бірақ 2019 жылы жазда клубқа Эден Азар келген соң 7-нөмірлі жейдені Азар алды да, Мариано 26 нөмірге ауысты.
Ұлттық құрама Доминикан Республикасы құрамында 2013 жылы бір ойын ғана өткізді. 2017 жылы Марианоның өзі Испания құрамасында ойнауға шешім қабылдады.
Жетістіктері
Командалық
«Реал Мадрид»
Испания чемпионы: 2016/17, 2019/20 УЕФА суперкубогы: 2016 Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2016, 2018 Чемпиондар лигасы: 2016/17 Испания суперкубогы: 2019/20
Жеке
Сегунданың үздік мергені (1): 2015/16 (25 гол)
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Доминикан Республикасы Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Доминикан Республикасы футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид Кастилья ФК ойыншылары Санат:Бадалона ФК ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары