Қуаныш Махмұтұлы Алпысбеков (1944 ж.т., Целиноград ауданы Новоишимка а.) — мемлекеттік қайраткер.
Өмірбаяны Новосібір темір жолы инженерлері институтын (1967), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1980) бітірген. Т.ж-да (1964 — 70), партия бөлімінде қызметте (1970 — 91). ҚР көлік министрінің орынбасары (1991 — 92) Ақтау қ-ндағы халықар. теңіз-көлігі компаниясының президенті (1992 — 95). Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары (1995 — 2004). ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (1999 — 2004). ҚР Премьер-министрінің кеңсесі жетекшісінің орынбасары (2004 — 06). 2006 жылдан ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.
Марапаттары 2 мәрте «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.
Санат:Новосібір темір жолы инженерлері институты түлектері Санат:КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясы түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің II шақырылымының депутаттары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері