«Қасиетті жол» Қоғамдық Қайырымдылық Қоры
"Қасиетті Жол" Қоғамдық Қайырымдылық Қоры - қазақстандық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларындағы және балалар үйіндегі сал ауруына шалдыққан балаларға тегін оңалту қызметтерін көрсету үшін ашылған мекеме. Қордың бас кеңсесі Астана қаласында орналасқанҚордың ресми сайты: .
Даму жолы 2011 жыл - Қор жұмысы Астана қаласындағы балалар үйінде еріктілер ретінде ауыр диагнозы бар балаларға көмек көрсетті.
2012 жыл - 2013 жыл- Қарағанды, Щучинск, Павлодар, Өскемен, Орал, Атырау, Шымкент және Қызылордадағы 9 балалар үйіне жаңа жабдықтар жеткізді.
2014 жыл - Нейро-ортопедиялық патологиясы бар балаларға Астанада «Қасиетті жол» атты алғашқы оңалту орталығын ашты.
2015 жыл - «Менторлар мектебі» жобасы іске қосылады. Ұлыбритания, Түркия, Ресей, БАӘ-ден келген білікті мамандар еліміздегі медицина қызметкерлеріне және оңалту саласы мамандарына арнап шеберлік дәрістерін өткізген.
2016 жыл - «#КазахстанТворитДобро» жобасы қолға алынған. Басты мақсат – еліміз бойынша 14 реабилитация орталығын ашу. Яғни, әр Қазақстандыққа телефон қосымшасы арқылы жылына 365 теңге жіберу жайлы ұсыныс. Соның арқасында, еліміздегі барлық сал ауруына шалдыққан балаға жүйелі түрде оңалтудан тегін өтуіне мүмкіндік беру.
2017 жыл - Астана қаласында 2 жасқа дейінгі шақалақтарға арналған «Балапан» орталығы және Шымкентте Kzhol Shymkent оңалту орталығы ашылдыҚордың даму жолы .
Құрылтайшылар
Іргесін қалаушылар:«Қасиетті жол» іргесін қалаушылар
Еркінова Арайлым
Алимова Гульмира
Динара Закиева
Власова Александра
Нарикбаева Жибек
Құрылтайшылар: «Қасиетті жол» құрылтайшылары
Еркінова Арайлым
Алимова Гульмира
Динара Закиева
Шолпан Нурумбетова
Демеушілер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ҚорыОбыкновенное чудо от Фонда «Қасиетті жол» . "Самұрық-Қазына Траст" әлеуметтік жобаларды қолдау қорыУтвержден список социальных проектов Samruk-Kazyna Trust на 2018 год . "Нұр Отан" партиясыМаулен Ашимбаев: Партийный проект «Будущее без барьеров» будет значительно доработан. Астана қаласы әкімдігіСал ауруына шалдыққан баланы оңалту орталығына кезекке тұру үшін қалай жазылады. Шымкент қаласы әкімдігіҒабидолла Әбдірахымов: Бүгін аяғына тұрған бүлдіршіндеріміз ертең қайырымды жанға айналады. "ЭксонМобил Казахстан Инк" компаниясыАтырауда сал ауруымен ауратын балаларды оңалтумен айналысатын мамандарға арналған курс ұйымдастырылды . "Нұр-Медиа" медиа холдингіБлаготворители.
Оңалту орталықтары "Қасиетті жол" оңалту орталығы - Астана қаласында орналасқан. Айына бір рет 21 күнге Қазақстан Республикасының Оңтүстік (Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы және Шымкент қаласы) өңірінен басқа аумақтардан 50 балаға тегін оңалту қызметтерін көрсетеді. 2 жастан 15 жасқа дейінВ Астане открылся реабилитационный центр для детей, страдающих ДЦП ..
"Балапан" ерте араласу орталығы - Астана қаласында орналасқан. Айына бір рет 21 күнге Қазақстан Республикасының барлық аумақтарынан 30 балаға тегін оңалту қызметтерін көрсетеді. 2 жасқа дейінВ Астане открылся новый Центр реабилитации для детей с ДЦП .
"KZhol Shymkent" оңалту орталығы - Шымкент қаласында орналасқан. Айына бір рет 21 күнге Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы және Шымкент қаласы аумақтарынан 50 балаға тегін оңалту қызметтерін көрсетеді. 2 жастан 15 жасқа дейінБалғындарға шарапаты тиген «Қасиетті жол» .
Жұмыс көрсеткіштері 2014-2018 жылдар аралығында Шымкент және Астана қалаларындағы оңалту орталықтарында 3047 бала толық оңалту қызметін алған.
Оның ішінде: 246 бала басын ұстауды үйренген, 295 бала отыруды үйренген, 279 бала еңбектеуді үйренген, 166 өздігімен тұруды үйренген, 235 бала сүйенішпен жүруді үйренген, 150 бала алғаш қадамын басқан, 400 бала алғаш сөзін айтқан«Қасиетті жолдың» қасиеті .
2014-2018 жылдар аралығындағы ақшалай қаражат қозғалысы туралы есептеме - Есептемелер
Парақшалар Қордың ресми сайты: www.kzhol.kz Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы БФ KZhol Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы kzhol_charityfund
Санаттар: Қайырымдылық ұйымдары
Сілтемелер