Оңтүстік Кореяның Білім, Ғылым және Техника министрлігі – Корея Республикасының басшылығының құрамы. Негізгі қызметі – бүкіл ел масштабында білім мен ғылым қызметін үйлестіру. 1967-1998 жылдар аралығында министрлік Бөлім болған, яғни Бөлімнің беделі басқа министрліктерге қарағанда төмен болған, алайда Ким Дэ Чжунның басқаруында болғанда министрлікке толық министрлік дәрежесі берілді. Заманауи түрінде 2008 жылдың 29 ақпан күні құрылды. Ол екі ведомствоны біріктіру арқылы пайда болды: бұрынғы Білім және адам ресурстарын дамыту министрлігі; Ғылым және технология министрлігі. 1992 жылы Корей басшылығы «ҒЗЖТКЖ аумағындағы жоғары дәрежелі технологиялар туралы ұлттық жобаның» өңдеуін бастады.

Министрліктің эмблемасы Үш бірдей үстіге көтеріліп белгіленетін дауыссыз ‘ㄱ’ хангыльдің ‘교육,’ (білім); ‘과학’ (ғылым); ‘기술’ (техника) сөздерінен пайда болған, елдің көрегендігі мен халықтың зияткерлік және экономикалық турдегі дамуына деген ерігін білдіреді. Эмблеманың үш ашық түстері: қызыл – жігерлікті, көк – икемділікті, сары – тапқырлықты білдіреді.

Сілтемелер https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%BE_%D0%BE%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F,_%D0%BD%D0%B0%D1%83%D0%BA%D0%B8_%D0%B8_%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B8_%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B8_%D0%9A%D0%BE%D1%80%D0%B5%D1%8F