Қарақұлжа ауданы () — Қырғызстанның Ош облысы құрамындағы аудан. Аудан орталығы — Қарақұлжа ауылы.
Ауданның жер көлемі 5712 км2.
Ферғана және Алай тау жоталарының қиылысқан жерінде орналасқан. Ауданның халық қоныстанған аймақтары биік таулы аңғарларда орналасқан.
Тарихы 1936 жылы Совет ауданы болып құрылған. 1962 жылы таратылып, 1969 жылы қайтадан қалпына келтірілді. 1992 жылы Қарақұлжа ауданы болып атауын өзгертті.
Халқы Халықтың жалпы саны 88,5 мың адам, оның ішінде ерлер 44,4 мың адам, әйелдер 44,2 мың адам (2007).
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша аудан халқының саны 87691 адамды құрады, оның ішінде қырғыздар - 87 610 адам немесе 99,9% .
Елді мекендері Аудан құрамына 12 айылдық округ (айыл кенеш), оның ішінде 50 ауыл (айыл) кіредіАильные округа и села Ошской области .
Дереккөздер
Сілтемелер
Проект «Устойчивое управление землепользованием в высокогорье Памира и Памиро-Алая — интегрированная и трансграничная инициатива в Центральной Азии»" АТД ошская область
Санат:Қарақұлжа ауданы