Владимир Двалишвили (; 20 сәуір 1986https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/25750, Тбилиси, Грузин КСР, КСРО) — грузиялық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы
Клубтық "Динамо" (Тбилиси) клубының түлегі. 2003-06 жылдары осы клубта ойнап, 2005 жылы Грузия чемпионы атанды. Кейін Латвия, Польша, Дания клубтарында ойнап, 2016 жылы "Динамоға" қайта оралды.
2017 жылы "Атырауда" ойнап, Қазақстан кубогының финалисі атанды.
2018 жылы Израильдің "Хапоэль Ашкелон" клубына ауысты.
Халықаралық 2009-17 жылдары Грузия құрамасында ойнап, 40 кездесуде алаңға шықты. Оған дейін Грузияның 17, 19, 21 жасқа дейінгі құрамаларында доп тепті.
Жетістіктері
Командалық
Грузия чемпионы: 2004/05 Израиль чемпионы: 2010/11 Польша чемпионы (2): 2012/13, 2013/14 Польша кубогы: 2012/13
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Грузия футболшылары Санат:Грузия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Динамо Тбилиси ФК ойыншылары Санат:Динамо Батуми ФК ойыншылары Санат:Олимпи Рустави ФК ойыншылары Санат:Сконто Рига ФК ойыншылары Санат:Маккаби Хайфа ФК ойыншылары Санат:Полония ФК ойыншылары Санат:Легия ФК ойыншылары Санат:Оденсе ФК ойыншылары Санат:Погонь ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Хапоэль Ашкелон ФК ойыншылары