Хуан Антонио Пицци (; 7 маусым 1968 жыл, Санта-Фе, Аргентина) — испаниялық футболшы, футбол жаттықтырушысы, тегі аргентиналық.

Карьерасы Аргентинаның Санта-Фе қаласында дүниеге келген, Аргентина футболының түлегі. 1991 жылы 23 жасында Испанияның "Тенерифе" клубына келді де, Еуропада тұрақтап қалды. Испания азаматтығын алып, 1994 жылы 30 қараша күні Финляндиямен жолдастық ойында тұңғыш рет "қызыл фурия" сапында алаңға шықты. 1996 жылы Еуропа чемпионатына, 1998 жылы әлем чемпионатына қатысты. Аргентинаға 1999 жылы оралды. "Ривер Плейт" сапында бір жыл ойнады да. туған клубы "Росарио Сентральға" қайта келді.

2005 жылы бапкерлік карьерасын да аргентиналық клубтан бастады. Аз уақыт "Колон" клубын жаттықтырды. 2016 жылға дейін клубтық командаларға бапкерлік жасап, 2016 жылы Чили құрамасының тізгінін ұстады. Құрамамен бірге 2016 жылғы Америка кубогында чемпион атанып, 2017 жылғы Конфедерациялар кубогының финалына шықты. Бірақ Чили 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады да, Пицци ол қызметтен кетті.

2017-19 жылдары Сауд Арабиясы құрамасының тізгінін ұстады.

Жеітстіктері

Ойыншы ретінде

Испания чемпионы: 1997/98 Испания кубогы (2): 1996/97, 1997/98 Испания суперкубогы: 1996 Кубок иелері кубогы: 1996/97 Еуропа суперкубогы: 1997

Бапкер ретінде

Аргентина чемпионы: Инисиаль 2013 Чили чемпионы: 2010 Америка кубогы: 2016

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы Статистикасы Профилі

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Испания футбол жаттықтырушылары Санат:Росарио Сентраль ФК ойыншылары Санат:Толука ФК ойыншылары Санат:Тенерифе ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Колон ФК жаттықтырушылары Санат:Универсидад Католика ФК жаттықтырушылары Санат:Сан-Лоренсо де Альмагро ФК жаттықтырушылары Санат:Валенсия ФК жаттықтырушылары Санат:Леон ФК жаттықтырушылары Санат:Чили Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Сауд Арабиясы Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары